Үндістан теміржолы контейнерлермен тасымалдауға рұқсат етілген жүктердің тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Енді оларда тыңайтқыштар, астық, ұн, бұршақ дақылдары мен күл-қожды тасымалдауға болады.
Сонымен қатар, контейнерлік пойыз операторлары үшін бірыңғай лицензия және астық пен тыңайтқыштарды тасымалдауға арналған «тонна-километр» қағидаты бойынша ашық тариф енгізілуде. Жеке компанияларға мамандандырылған жүк вагондарын әзірлеуге, ал мұнай компанияларына өз цистерналарын сатып алуға және жалға алуға рұқсат беріледі.
Бұл шаралар жүк тасымалы кешенін жедел жаңғырту бағдарламасына кіреді және контейнерлеуді дамыту мен жеке инвестицияларды тартуға бағытталған.