Шығыста құрылыс материалдарын тасымалдау қарқынды жүріп жатыр

Жүк тасымалы
07.12.2021, 11:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесіндегі бірқатар жүк станцияларының қызметтік функциясына кіретін негізгі басымдықтардың бірі жол және құрылыс материалдарының тасымалы болып отыр. Бұл орайда аймақтағы ірі өндірістік орталықтарда орын тепкен Жаңа-Семей, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе және Аягөз станцияларындағы жүк айналымына қатысты көрсеткіштер ұдайы назарда ұсталады. Баса айта кетер бір жайт, еліміздегі карантиндік шектеулерге қарамастан ағымдағы жылдың өткен 10 ай- ында құрылыс материалдарының тасымалы бәсеңдеген жоқ. Яғни, күллі республика бойынша орман өнімдерін тиеу мен жеткізуде шығыстық теміржолшылар алдыңғы орыннан түскен жоқ. Әсіресе Ресейдің «Батыс Алтай» бөлімшесімен аралықта орын тепкен Локоть станциясында қарбалас көп. Шекаралық аймақта орналасқан Ауыл мен Локоть станцияларында пойыздарды қабылдау мен өткізу күн тақырыбынан түспей тұр. Сол тәрізді мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халықаралық маңызға ие Қалбатау-Майқапшағай күре жолының күрделі жөндеуден өтуі де құрылыс материалдары- ның тасымалына қарқын беруде. Бұл ретте Жаңғызтөбе станциясына «Қазавтожол» АҚ тапсырысы бойынша қиыршық тас, құм, дизельді отын мен битум тәрізді бірқатар құрылыс заттары үзіліссіз жеткізілуде. Биылғы көрсеткіш жоспардан артып отыр.

– Бүгінгі күні жүк көлемі күрт артуы себепті жоспарлы шараларды әр ай сайын жаңартуға мәжбүрміз. Мәселен, өткен жылдың есепті мерзімімен алғанда жүк айналымы екі есеге дейін өсті. Қазіргі таңда айына ең кемі 1 500 вагон жүк жөнелтіп жатырмыз, – дейді жаңғызтөбелік теміржолшылар.

Құрылыс материалдарын тиеу бойынша 3-класты Суықбұлақ станциясы барлық көрсеткіштерді орындауда. Мұнда қазіргі күні тәулігіне 85-90 вагонға дейін әктас пен қиыршық тас тиеліп жөнелтіледі екен. Сол тәрізді 1-класты Жаңа-Семей жүк станциясынан темірбетонды өнімдер мен «Силикат» ЖШС-ның кірпіш өнімдері мен цемент тиеу де артқан. Мәселен, цемент жөнелтуде техникалық жоспар өсіп, 109,1 пайызға жетіп отыр. Бұған еліміздегі тұрғын үй құрылысының қарқын алып, материалдар бағасының көтерілуі де себеп. Қорыта айтқанда, Семей теміржолы бойынша құрылыс материалдарының тасымалы Қаражыра көмірінен кейін екінші орында. Жыл басында жергілікті теміржолшылар толық көлемі 12,0 млн тоннаның үстінде жүк тасымалдауды жоспарлаған болатын. Оның ішінде, әлбетте, тұрғын үй және жол құрылысына арналған материалдар үлесі мен көмір тасымалының көлемі және астық өнімдері мол болмақ. Осы орайда өндіріске жұмсалатын шығын мен кіріс көлемі бойынша көрсеткіштер қазіргі күні нәтижелі түрде орындалуда. Соңғы бір айдың ішінде жоспар толық орындалуы тиіс. Ал, жыл бойынша атқарылуы тиіс жоспарға сүйенсек, биыл жүк айналымын 7418 млн ткм неттоға жеткізу – шығыстағы теміржолшылар үшін басты меже. Шығыстағы теміржолшылар ел тәуелсіздігін толайым табыспен қарсы аламыз деген сенімде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті