Дүниежүзілік жүрек күні: ҚТЖ-да профилактикалық акция өтті

Әлеумет
29.09.2025, 16:55
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Archimedes Medical Group», «International Clinic of Asia», «Медикер – өнеркәсіптік медицина» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен арнайы іс-шара өтті.

«Іс-шараның мақсаты – Компания қызметкерлерінің жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты проблемалар туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ олардың алдын алу және ерте анықтау бойынша ұсыныстар беру», – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында кәсіподақ өкілдері.

Іс-шара аясында бірнеше акция өтті. Мәселен, «Қан қысымыңызды өлшеңіз» акциясы барысында сала қызметкерлерінің қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенді. «Холестеринді біл», «Қантыңды біл» акциялары аясында қатысушылар саусақтан қан тапсыру арқылы холестерин мен қант өлшемін білу мүмкіндігіне ие болды. «Өз ЭКГны біл» акциясы аясында «Archimedes Medical Group» ЖШС дәрігерлері қатысушыларды ЭКГ-дан өткізіп, кардиограмма жазбалары бойынша кеңестер берді.  

Сонымен қатар түстен кейін семинар сабағы өткізіліп, онда медицина қызметкерлері алғашқы шұғыл көмек көрсетуді үйретіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша дәріс оқыды.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға