«НR-өндіріс серпіні»: Маңызды жобалар алаңы

Жаңалықтар
30.09.2025, 09:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның Инновациялық залында «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» АҚ компаниясының HR-директорларына арналған «НR-Өндіріс серпіні» стратегиялық сессиясы өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерлан Амандықов, бұл сессияның мақсаты Ұлттық компанияда іске асып жатқан жобалар туралы ақпарат бөлісу, тәжірибелерін көрсету және ортақ шешімдерге келу екенін атап өтті.  

«Әлем өзгеріп жатыр. Еңбек қатынастары да сәйкесінше өзгеруде. Біз заманауи бәсекеге қабілетті болу үшін бейімделудеміз. Бүгінгі ҚТЖ-ның ұсынып отырған жобалары, идеялары сіздерге пайдалы болады деген ойдамыз. Бізде кездесетін көп мәселе сіздерге де ортақ деп ойлаймыз. Сондықтан бұл сессия идеялармен бөлісіп, ашық әңгіме жүргізуге негізделіп отыр», – деді Ерлан Амандықов.

Аппарат жетекшісі Ұлттық компаниямен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген серіктес компаниялар өкілдерін «ҚТЖ-Достық» медалімен марапаттады.  

«HR-Өндіріс серпіні» сессиясы алдымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Рекрутинг блогының бас менеджері Айдана Жайжұманованың «Ашық іріктеу: Машинист көмекшісінің жолы» жобасын таныстырудан басталды. Ол машинист болу үшін ең алдымен машинист көмекшісі жолынан жүріп өту керектігін, ол үшін тар профилді мамандықпен қатар тиісті оқу курсынан және одан әрі сынақтан сүрінбей өту керектігін баяндады. Сонымен қатар машинист көмекшісі лауазымына іріктеу қалай жүргізіліп, қандай талаптар қойылатыны, міндеттері туралы егжей-тегжейлі мағлұмат берді. Сессия барысында теміржолшы әулетінен шыққан машинистің бала күнгі арманымен есейіп, машинист болғанға дейінгі шағы бейнеленген бейнеролик әр спикердің сөзі алдында көрсетіліп отырды.  

Қазір кадр қызметінде заманауи технологияларды қолдану қалыпты жағдайға айналуда. Сондай бір әдістің түрі – «Персоналды басқарудың биометриялық технологиялары туралы «KTZ Express» АҚ өкілі Әлихан Жансықбаев әңгімелеп берді. «ҚТЖ» компаниясында жұмыс істейтін жастардың кәсіби мансапта өсуіне, өзін тұлға ретінде жан жақты ашып көрсетуіне, дамуына серпін беретін  

«ҚТЖ 100 жас есім» жобасы ұлттық компанияда сәтті іске асырылып жатқан жобалардың бірі. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды таңдауға мүмкіндік беретін бұл жоба туралы, осы жобаның жеңімпазы болған, қазіргі күні «ҚТЖ» ҰК»АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Жақсылық Молдақұлов айтып берді. «ҚТЖ 100 жас есім» бағдарламасының мақсаты, Компанияның нақты жас қызметкерлерінің мысалдарында этикалық, меритократия, кәсібилік және белсенді адалдық идеяларын насихаттау болатын. Расында бұл бағдарлама сәтті жүзеге асып, жемісті нәтижесін берді. Айталық, 2020-2022 жылдары аралығында 1-ағын аясында 66 жас қызметкер қызметтік сатыда ілгеріледі, 11 жоба қазіргі қолданыстағы үдерістерді жақсартуға арналса, оның ішінде 3-уі рационализаторлық ұсыныс ретінде бекітілді. 2023-2024 жылдарғы 2-ағын кезінде 62 қызметкер қызметтік мансапта өсіп, 15 жоба қабылданды, ал 2025 жылы қазіргі уақытта 15 қызметкердің қызметтік сатыда өсуіне мүмкіндік жасалып отыр», – деді Жақсылық Молдақұлов.  

Бұдан кейін сессияда «Білім экспрессі», «HR-аналитика. Өтініштер бойынша дашборд», «ҚТЖ: Ынталандырудың жаңа дәуірі», HR цифрландыру тақырыптарындағы жобалардың таныстырылымы өтті.  

Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева «Білім экспрессі» жобасы туралы таныстыра отырып, Персоналды дамыту және оқытудың кешенді бағдарламасының тиімді тұстарын әңгімеледі.  

«Білім экспрессі» - аты айтып тұрғандай, көшпелі оқыту бағдарламасы. Бұл оқыту курсын ҚТЖ қызметкерлері арасынан іріктеліп алынып, арнайы жаттықтырушылық курсынан өткен ішкі тренерлер өткізді. Нәтижесінде біз сырттан тренерлер шақырмай, оларға жұмсалуы ықтимал едәуір қаржыны үнемдедік. Мәселен, жылына 1,5 млрд теңге болса, 3 жылда 4,5 млрд теңге үнемдедік. Сонымен қатар ішкі тренерлердің өңірлерге шығып, оқытуы нәтижесінде 3 жылда 828 млн теңгені үнемдей алдық. Есесіне, осы бағдарламамен еліміздің 13 өңірінде болып, персоналды жан жақты дамытуға арналған 15 тақырыптық оқыту курстарын жүргіздік. Оның барысында 26 000 теміржолшы қамтылды», – деді Алма Сәулебаева.  

«HR-Өндіріс серпіні» сессиясына қатысушылар сессияда таныстырылған бұл жобалардың әрқайсысы өте маңызды мағлұматқа толы болғанын және келешекте бұл идеялардың ішінен өздеріне керектерін жұмыста қолдануға ниетті екендерін айтып, «ҚТЖ» ҰК»АҚ мамандарына өндіріске серпін беретін тың идеяларын жобаға айналдырып, сәтті жүзеге асыра берулеріне ізгі тілектерін білдірді.  

 

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті