Қараусыз мал мен құлаққаптағы адам – пойыз қозғалысына қауіп

Қауіпсіздік
30.09.2025, 09:27

Қолдағы статистикалық деректерге сүйенсек, қауіпсіздік ережесін көбіне балалар мен жасөспірімдер немесе құлаққап тағып жүргендер, қала берді ішімдік ішіп алатын адамдар жиі бұзатын көрінеді.

Ал мұндай оқиғалардың көбісі әдетте қайғылы жағдайға ұласып жатады. Сол сияқты теміржол маңында қараусыз жайылған мал да басты проблемаға айналып отыр. Төрт түліктің пойызға басылуы, мертігуі мал иесіне шығын әкелумен қатар локомотивтің зақымданып, тоқтауына, пойыздардың кешігуіне, жолаушылар мен жүк тасымалы есебінің төмендеуіне әсер етеді. Шұғыл тежегіш басу салдарынан вагон ішіндегі жолаушылар мен машинистер бригадасы жарақат алуы да әбден мүмкін.  

Осы орайда, «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесі бойынша жыл басынан бері теміржолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жоспарға сай бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылғанын атап өткен жөн. Осы мақсатта темір жол маңында тұратын ықшамаудан тұрғындарымен 247 рет түсіндіру кездесуі ұйымдастырылып, оған үш мыңға жуық азамат қатысты. Оған қоса мектеп, колледждерде қауіпсіздік қағидалары айтылған 153 сабақ өткізіліп, бұл шара 8767 оқушы мен ұстаздар қауымын қамтыды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ал теміржол қауіпті аймақ екенін еске салып, одан хабар беретін 126 ескерту белгісі орнатылып, ескілері жаңартылды. Осының бәрі де қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар болатын. Алайда, соған қарамастан, қауіпсіздік ережелерін елемеу фактілері азаймай тұр. Оның негізгі себебі – адамдардың өз жауапкершілігін сезінбеуі. Ескертуге құлақ асып, тәртіпке бағынбау салдарынан бүгінге дейін 128 рейдтік тексеру өтіп, нәтижесінде 45 құқықбұзушы анықталды.  

Біз жауапты мамандармен бірлесе отырып түрлі оқиғалар тіркеліп жататын қауіпті аймақтарға талдау жасағанымызда төмендегідей жайттарды анықтадық. Әр жылдың әр кезеңіндегі деректер жазылған кестеге көз салғанымызда, Манкент, Бадам, Арыс, Шымкент станциясында адам қағу фактісі жиі тіркелгеніне көз жеткіздік. Ал мал қағу оқиғалары Жылға, Темір, Састөбе, Бадам, Игілік, Монтайтас станциясындағы учаскелерде көп орын алған. Демек, осы талдау нәтижесіне сүйене отырып, тиісті жұмыстарды ширата түсу қажет деген сөз. Сол себептен де қазіргі кезде аталған аймақтарда жергілікті тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар, қараусыз малдың теміржолға шығып кетуінен сақтандыру үшін қоршау бағытында бірқатар амал-әрекеттер қолға алынуда.  

Нұрбол БИЖАНОВ,  

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС  

Шымкент бөлімшесі бас директорының бірінші орынбасары

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл