Қазақстан мен Қытай 2026 жылға арналған тасымалдау перспективаларын талқылады

Жаңалықтар
29.09.2025, 10:55
Оқуға 1 мин

Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Шекаралық темір жолдары аралас комиссияларының 34-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк және контейнерлік тасымалдардың қорытындысы шығарылды. 2025 жылдың сегіз айында тасымалдау көлемі 23,2 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 10% артық. Ағымдағы жылдың соңына дейін тараптар тасымалдау көлемін 35 млн тонна деңгейінде орындауды қамтамасыз етуге келісті, бұл өткен жылғы деңгейден 3,6 млн тоннаға артық. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған тасымалдаудың алдын ала болжамды көлемі талқыланды.

Қазақстандық өнім экспортын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін, сондай-ақ флекситанкалардағы контейнерлерде өсімдік майын тасымалдауды кеңейту жөніндегі шаралар тиеудің қажетті шарттарын сақтай отырып келісілді.  

Тараптар тасымалдау құжаттарын ресімдеу, түйісу станцияларында ақпарат алмасу, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеделдету кезінде қағазсыз технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.  

Бұдан басқа, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР мен ҚХР шекаралық станциялары арасында пойыздарды, вагондар мен жүктерді қабылдау-беру үшін ауысым қызметкерлерінің келуін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл шара тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға және пойыздарды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды