ҚТЖ қызметкерлері байқауда топ жарды

ҚТЖ келбеті
29.09.2025, 18:59
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей қаласында ел шығысы бойынша Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы «Еңбек жолы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Озаттар қатарында үздік еңбек әулеті, жас жұмысшылардың тәлімгерлері, жұмысшы мамандық иелері бар.

Әрине, жұмысшы мамандықтарының арасында жергілікті теміржолшылар қауымының шоқтығы биік болды. Марапаттау рәсімі «Еңбекші жастар» фестивалі аясында өткен болатын. Осы орайда күллі Абай елі бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы болып аягөздік теміржолшылар династиясы – Әділхановтар әулеті танылды. Жалпы әулеттің теміржол саласындағы еңбек өтілі 233 жылдан асады. Мәселен, Қазбек Әділханов әкесі Идрис Әділхановтың еңбек дәстүрін жалғастырып, 1980 жылдан бері Аягөз вагон жөндеу депосында жұмыс істейді. Бүгінде ол техникалық бақылау бөлімінің бастығы болып еңбек етеді.  

Бір бұл емес, еңбегімен еленген теміржолшы жастар арасында Семей ЖТ бөлімшесі Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова да жеңімпаз атанды. Арайлым бастаған теміржолшы жастар бөлімше басшылығының қолдауымен желі бойында түрлі әлеуметтік жобалар мен акциялар ұйымдастырып, қайырымдылық шараларын өткізіп жүргені белгілі.  

Қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүретін Арайлым биылғы жылы ұлттық компания бойынша өткізілген «ҚТЖ 100 есім» байқауының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, үздік қызметкер ретінде де бірнеше мәрте марапаттар мен алғыс хаттарға ие болған. Бұл жолы ол Абай облысы бойынша «Үздік еңбекші жас» номинациясын замандастары арасында айқын басымдықпен жеңіп алды.  

– Жалпы, жұмысшы мамандықтары жылы аясында адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелеріне, оның ішінде теміржолшылар қауымына да үлкен сый-құрмет көрсетіліп жатыр. Бұл ретте семейлік сала қызметкерлері, әсіресе жастар қауымы да кәсіби шеберліктерін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтыла бермек. Президентіміз айтып өткендей, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалау үшін еңбек адамының қосар үлесі ерекше болмақ, – дейді Арайлым.  

Сөз жоқ жұмысшы мамандықтары үлкен мәртебеге ие болып жатқан қазіргі уақытта Абай еліндегі теміржолшылар қауымы да мұндай құрметке әбден лайық.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды