Тасымалданатын көмір өнімін 10 млн тоннаға жеткізіу көделіп отыр

Жүк тасымалы
13.07.2021, 09:09
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан үш жыл бұрын ұлттық компания басшылығының шешімімен қабылданған көмір тасымалын жазғы маусымнан бастау жобасы өз тиімділігін дәлелдеді. Нәтижесінде соңғы жылдары көрсеткіштер күрт артып, күз бен қыста бұрынғыдай дүрлігіс жоқ. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тиеу және тасымалдауда қатты отынның үлесі жыл сайын артып келеді. Көрсеткіштің басым бөлігін көмір жеткізу құрайды. Сәйкесінше, өндірістегі негізгі жұмыс та осы бағытты қамтиды. Шілде айынан бастап тұрақты түрде тәулігіне ең кемі 280 вагонға көмір тиеп жөнелтілуде. Және бұл көрсеткіш өсу үстінде. Мақсат – аймақтағы жылу орталықтарын қатты отынмен қазіргі күннен бастап толықтай қамтамасыз ету. Күздің қара суығында 420-490 вагон жүкті жолға шығаруға толығымен мүмкіндік туады. «Қаражыра» АҚ-мен арнайы келісім бар. Жоспар бойынша жыл сайын тиелетін көмір санын бір миллионға арттырып, 10 млн. тоннаға жеткізу міндет. Өткен жылы семейлік теміржолшылар көмір тасымалын 8 млн. тоннаға жеткізген болса, биыл 9 млнға арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі есеп бойынша бұл көрсеткіш «иек астында» тұр. – Маусым айының 11-і күні Дегелеңнен көмір тиелген 280 вагон шығарсақ, 12-і күні 350 вагоннан тұратын пойыздарды жолға салдық. Яғни, көмір тасымалы күн санап арту үстінде. Мәселен, осы айдың 11-нен бастап 20-на дейінгі аралықта толықтай тәулігіне 350 вагон көмірге тапсырыс бар, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің шұғыл өкім беру бөлімінің бастығы Қайрат Ибраев. Бүгінде Дегелең станциясында құрастырылған, көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылады. Ескерерлігі, көмір тиелетін жылжымалы құрамдардың барлығы ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісінде біршама күрделілік бар. Қазіргі күні салмағы 6200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар жолға шығарылуда. Яғни, көмір тасымалында тек ауыр салмақты пойыздар ғана рейске шығарылуда. Күз түсе бұл көрсеткіш ұлғайтылуы ықтимал. Биылғы ерекшелік, жыл сайын көмір тиеу бойынша еліміздің оңтүстігіне жөнелтілетін пойыздардың саны көп болса, биыл Беларусь, Украина сынды мемлекеттерге жол тартатын жылжымалы құрамдар көп. Десекте, ең алғашқы кезекте аймақтағы жылу беру нысандары мен тұрғылықты халық үшін әлеуметтік көмір бірінші кезекте жөнелтіледі. Мәселен, шілденің екінші онкүндігінен бастап есепке алсақ, 200 вагон көмір Жаңа-Семей мен Өскемен-1 станцияларына жіберілмек. Көмір тасымалына орай қазіргі күні бірқатар шаралар қолға алынған. Мысалы, өндіріс бойынша станция басындағы маневрлік жұмыстардың барлығы жеделдетілген түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, вагон тапшылығын болдырмау мәселесі күн тақырыбына шығарылған. Осы орайда Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Сиязбек Әлішевтың қадағалауымен тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз етуде вагондарды уақытында жинап алу, бос вагондардың кіреберіс жолдарда тұрып қалуына жол бермеу, сондай-ақ, көршілес мемлекеттерден келген вагондардың станция басында кептеліс тудырмай дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету мәселелері алға қойылуда.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті