ТХКБ бойынша жүк тасымалы соңғы бес жылда 6 есеге өсті

Инфографика
22.08.2025, 08:58
Қазақстан теміржолшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет халықаралық көлік бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Соның ішінде Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту үшін әріптес елдермен күш біріктіру міндетін қойды. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтиже беруде.

Көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі алты есеге – 2020 жылғы 0,8 млн тоннадан 2024 жылы 4,5 млн тоннаға дейін өсті. 2025 жылдың алғашқы жартысында тасымал көлемі 2,3 млн тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық болды.

Контейнерлік тасымалдардың айтарлықтай артуына кедендік рәсімдерді автоматтандыру да ықпал етті: енді бір контейнерлік пойызды рәсімдеуге небәрі 30 минут кетеді, бұрын бұл процесс үш сағатқа дейін созылатын еді.

«Жуырда қытай тарапымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлық терминал іске қосылды. Сиань қаласында біздің құрғақ порт табысты жұмыс істеп тұр. Селятино, Свислочь және Будапешт маңында жаңа терминалдар салынуда. Маусым айында Грузияның Поти портында Қазақстанның алғашқы мультимодалды терминалы ашылды», — деді Мақсат Қалиақпаров.

Транскаспий бағыты бойынша қытай автопойыздарының қозғалысының басталуы да маңызды оқиғалардың бірі болды: 2024 жылы Құрық порты арқылы 3,5 мыңға жуық жүк көлігі өтті, ал биылғы жылдың алғашқы жартысында олардың саны мыңнан асты.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады