Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр

Инфографика
10.04.2026, 09:35

Жыл басынан бері Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалының көлемі 34% өсті (салалық статистиканың алдын ала деректері), деп хабарлайды Rail-news.kz. Өсім тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру, жеткізу мерзімдерін қысқарту және теміржол инфрақұрылымын дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

Экспорттық тасымалдар, ең алдымен агроөнеркәсіптік секторда айтарлықтай серпін көрсетіп отыр. Астық экспорты 2 080 мың тоннаға жетті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +50%).

Өнеркәсіптік сегментте қара металдар экспорты 43% (442 мың тоннаға дейін) өсті, мұнай өнімдері – 6% (212 мың тонна).

Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия елдері бағытында транзиттік тасымалдардың оң серпіні сақталуда. Мұнай өнімдері транзитінің көлемі 28%-ға, қара металдар 42%-ға ұлғайды. Азық-түлік жүктерін тасымалдау 28%-ға  ұлғайды.  

Кері бағытта транзиттік ағындардың өсуі де тіркелуде. Атап айтқанда, содамен қоса химиялық өнімдерді тасымалдау көлемі 2 есеге (36 мың тоннаға дейін), жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау көлемі 50%  (28 мың тонна), түсті кенді тасымалдау көлемі 10% (56 мың тонна) ұлғайды.

Өңір елдері бөлінісінде Өзбекстанмен тасымалдау көлемі 37%, Түрікменстанмен 31%, Тәжікстанмен 16%, Қырғызстанмен 13% өсіп отыр.

Осылайша, Қазақстан позициясын дәйекті түрде нығайтып, өңірдегі сауда-экономикалық байланыстардың орнықтылығына үлес қосуда.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?