Таразда Президент Жолдауынан туған міндеттерді талқылады

Жолдау
14.09.2019, 12:03
Асел Танатарова

Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің ұжымы Президент Жолдауынан туған міндеттерді талқылап, тапсырмаларды пысықтады.

Биылғы 2 қыркүйек мемлекетіміздің ең маңызды күндердің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Бұл жаңадан сайланған Президенттің алғашқы Жолдауы болғандықтан, ел арасында қызығушылық тудырғаны рас. Бұл Жолдаудың басқа құжаттардан негізгі ерекшелігі ретінде мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруін атап өтуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне дерлік жауап берді. Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды. Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды. Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды. Мемлекет басшысы жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. «Біз оған жол бермейміз. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек», – деді Қ.Тоқаев.

Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет. «Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы, баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды.

«Жолдау мемлекетіміздегі әлеуметтік ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны сөзсіз. Сондықтан ол көптің көңілінен шығып отыр, қолдаушылар көп», – деп тұжырым жасады жиынға қатысушылар.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?