Салдарымен емес, себебімен күрес

Жолдау
22.02.2020, 11:40
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ компаниясы жемқорлыққа қарсы күрес шаралары аясында осы қоғамдық дерттің салдарымен күрескеннен гөрі оның себебін анықтап, алдын алу бойынша шараларға басымдық береді.

Осы аптада Магистральдық желі дирекциясы мен оның барлық өңірлердегі бөлімшелерінің басшылары арасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық саласындағы заңда күшейтілген жазалар, өзгерістер түсіндірілген жиын өткізіліп, осы мәселелер сөз болды.

Мақсат – сыбайлас жемқорлықтың белгісі бар кез келген әрекетке мүлде төзбеушілік мәдениетін компанияның барлық деңгейдегі басшыларынан бастап қызметкерлерінің бойында қалыптастыру, оған қарсы «имунитетті» күшейту, басшылардың тура жолдан тайдыратын арбауларға түсіп қалмауы үшін құқықтық білімін арттыру.

«Адал жол» жобалық кеңсесінің басшысы Исламбек Майшейкиннің айтуынша, соңғы екі жылда жемқорлық бойынша қылмыстық істер 30 пайызға артқан. 54 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 86 іс сотқа жолданған. Жемқорлық көбіне Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақмола облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында дендеп тұр. Талдау нәтижелері қылмыстың дені пара алу және алаяқтықпен байланысты екенін көрсеткен.

Жиында пара алу үстінде ұсталған темір жол басшылары туралы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық компанияның комплаенс қызметінің басшысы Ирина Капанова алдымен өзі басқаратын қызметтің мән-маңызын түсіндірді. Магистральдық желі бөлімшелері директорларын жемқорлықпен күресте өздері бірінші кезекте адал болып, өзгелерге үлгі көрсетуге шақырды.

– Комплаенс қызметі бірінші ке зекте компанияның директорлар кеңесіне бағынады. Бұл қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды сақтаудың қағидаттарын, әдістерін, механизмдерін енгізу, бизнесті этикалық тұрғыда жүргізу, этика нормаларын сақтау мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ тобы шеңберінде құрылған. ҚТЖ – алып компания, ірі жұмыс беруші, сондықтан бізбен мүдделес ұйымдар, мемлекет, халық, оның қызметіне жүгінетіндер тарапынан оған деген тамшыдай болса да күмән, күдік болмауы керек. Оған толықтай сенім арту үшін компанияда заң мүлтіксіз орындалатын адал қарым-қатынас қалыптасуы қажет, – деген ол осы мақсатта былтыр жыл бойына компанияда жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы механизмдер, шаралар, ережелер жасалғанын жеткізді.

Ирина Капанова сонымен қатар 5 корпоративтік құндылық маңыздылығына тоқталды. Оларды, атап айтқанда, қауіпсіздік, амбиция, көшбасшылық, жауапкершілік, арнамыс.

– Біздің компания елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі ретінде әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек даулары мен кикілжіңдерін реттеуге ұмтылады. Ең бірінші кезекте экология, еңбек қорғау және қауіпсіздік, еңбек заңнамасы саласында ҚР заңдарын ашық немесе әлеуетті бұзылуының кез келген белгілеріне аса мұқият болуларыңыз керек. Сонымен қатар ішкі коммуникация жағынан келсек, сіздер әрқайсысыңыз жұмыстан тыс жерде де Компанияның бет-бейнесі, өкілі ретінде оның беделіне нұқсан келмеуін ойлағандарыңыз жөн, – деді Ирина Капанова.

Сондай-ақ ол этикалық мінез-құлық ережелері, жұмысшылармен қарым-қатынас жасаудағы қателіктерге жол бермеу, мүдделі тараптармен өзара ісқимыл және тағы басқа да маңызды тақырыптар бойынша дәріс оқыды. 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға