«Қазкөліккәсіп» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы індетке қарсы тұруда белсенділік танытып келеді

Жаңалықтар
25.10.2021, 09:13
Асхат Райқұл

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жұман Сәменов әулиеаталық теміржолшылар еңбекте ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенді және олардың бастамалары мен ізгі жобаларына кәсіподақ тарапынан тек қолдау көрсетілетінін атап өтті. «Жамбыл теміржолында 9 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардың жұмыстарын үйлестіріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, теміржолшылардың бастамаларына әркез қолдау білдіріп отырамыз. Мәселен, күні кешегі қарттар күнінде теміржолшы ардагерлерге дастархан жайып, олардың басын қосып, бір сәт қауқылдасып әңгіме-дүкен құруына мүмкіндік туғыздық. Реті келгенде, ойларын тыңдап, ұсыныстарына құлақ асамыз. Тұрмыстық-әлеуметтік ахуалынан хабардар болып отырамыз», – деді Жұман Тұрғынбайұлы. Кәсіподақ филиалы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерге пандемия кезінде көп көмек көрсеткен. Қауіпті індет құтырып тұрған былтырғы жылы ұйым тарапынан станциялар мен деполарға санитарлық заттар мен медициналық бұйымдар сатып алуға 1 млн 850 мың теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тек Шу ауданындағы дистанциялардың өзіне антисептик, қорғаныш бетпердесі, қолғап, медициналық халат сынды заттарды сатып алуға 620 мың теңгеден астам қаржы жұмсалған. «Өткен жылы бұлардан бөлек, көп балалы теміржолшы отбасыларын қолдауға, оларды азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етуге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға жәрдемдесуге, халықаралық балалар күніне орай сый-сияпат жасауға назар аудардық. Осы бағытта кәсіподақтың қазынасынан 6 млн 300 мың теңгеден астам қаржыны игердік. Есесіне, мұқтаж жандарымыздың алғысына кенелдік, теміржолшылардың әлеуметтік ахуалының тіктелуіне тамшыдай болса да үлес қостық», – дейді аймақтық кәсіподақ төрағасы. Жұман Сәменов мұндай игі шаралардың биыл да жалғасын тауып жатқандығын жеткізді. Тек пандемиямен күрес жұмыстарына 2 млн теңгеден аса қаржы бағытталған. Бұл сомаға санитарлық заттар мен медициналық бұйымдар ғана алынып қоймай, қарт теміржолшыларды қолдау шаралары да ұйымдастырылған. «Біз ең алдымен теміржолшыларымыздың індет жұқтыр- мауына мән бердік. Олардың сақтық шараларын ұстануы үшін барынша жағдай жасауға тырыстық. Қызметкерлердің ешқайсысы маскадан, антисептиктен, қолғаптан, өзге де қорғаныш құралдарынан таршылық көрген жоқ. Соның арқасында індетке шалдыққан мамандарымыз да санаулы-ақ болды. Олардың дені сауығып шығып жатыр. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерден бірде-бір жұмысшы коронавирустың тырнағына ілінбегені қуантады. Яғни, біз қауіпті індетке қарсы тұра білдік», – деді Жұман Тұрғынбайұлы

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты