Дегелеңде бір айда 12 мың 565 вагонға көмір тиелген

Жаңалықтар
22.02.2022, 10:28
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өткен қаңтар айында көмір тасымалының күрт артқаны байқалады. Бұл – назар аударуға тұрарлық дерек. Себебі, бұрынғы жылдардағы межемен салыстырғанда қатты отынды тиеу мен жеткізу бойынша жұмыстар қарқын алып, сәйкесінше көрсеткіш те артқан.

Мәселен, бір ғана қаңтар айындағы жоспар 106 пайызға артығымен орындалыпты. Небары бір ай ішінде Дегелеңнен тиелініп, шартарапқа жол тартқан көмір толы вагондар саны 12 565-ке жеткен.

– Бөлімше бойынша жүк айналымындағы көрсеткіштің өсуіне бірінші кезекте көмір тасымалы ықпал ететінін ескерсек, жоспарды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі бар. Жыл сайын қаңтар-ақпан айларында жүк тасымалы біршама саябырлайтын еді. Алайда, биыл өзгешелік көп. Өткен айға сараптама жасай отырып, вагон айналымының да артқанын аңғардық, – дейді бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айтолқын Мұхамедиярова.

Қазіргі күні «Жылукоммунэнерго» ЖШС мен «ВостокУгольПром» мекемесіне көмір жеткізу ісі жоспардың мерзімінде орындалуына септігін тигізуде.
Осы шаралардың нәтижесінде бөлімшедегі тораптық жүк станциялары Семей, Жаңа-Семей және Аягөз бен Шардағы техникалық жүк түсіру өткен ай бойынша 123 пайызға артыпты. Жоспардағы 132 вагонның орнына тәулігіне 163 вагон түсірілген. Бұл әрине өткен жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен әлдеқайда артық.

Теміржолшылардың айтуынша, жыл басындағы жаңа жоспар бойынша Қаражырадан көмір тиеу кідіріссіз әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл ретте Шығыстағы тұрмыстық-коммуналдық сала толықтай қатты отынмен қамтылған. Тек көмір тұйықтарында қарбалас көп, яғни, жеке сектор тұрғындары тарапынан түсетін өтініштер әлі де бар.

Қазіргі таңда сонымен қатар, Семей мен Аягөздегі тұйық желілерде жеткілікті мөлшерде көмір қоры бар. Бұл орайда бөлімшенің басты әріптестері саналатын «Жігер» ЖШС мен «Семей көмір» ЖШС қатты отынның техникалық және сұрыпталған түрлерін саудалауда. Бағасы 9 500-ден басталады. Әрбір теміржол тұйығының тәулігіне 19-21 вагон көмір түсіруге мүмкіндігі бар.

Бүгінде Дегелең станциясынан көмір тиелген ең кемі төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылуда. Жылжымалы құрамдардың барлығы да ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісі біршама күш салуды талап етеді. Салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар қозғалысында кедергі жоқ. Барлық жүк станцияларындағы маневрлік жұмыстар жеделдетілген түрде жүзеге асырылады. Бұл орайда айналымдағы локомотив пен вагон тапшылығын болдырмау – бөлімше басшылығының назарындағы тұрған бірінші мәселе.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті