Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтаймын!

Осы күні ең жылы сөздерімізді, игі тілектерімізді тек сіздерге арнаймыз. Темір жол оңай сала емес екені бәріне мәлім, сонда да өз істеріңізді адал атқарып қана қоймай, өз күштеріңіз бен уақыттарыңызды отбасы мен ошақ қасына жұмсай жүріп, нәзіктіктеріңізді жоғалтпай, әдеміліктеріңізді сақтай білулеріңіздің өзі ғажап. Істің мәнін, өмірдің сәнін келтіріп жүрген болмыс-бітімдеріңіз әрдайым ажарлы да базарлы болсын. Гүлдей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің символы ретінде бақытты да баянды өмір кешіңіздер!

Нұрлан САУРАНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы