Семейде «Қауіпсіздік – кәсібилікте» семинары өтті

Жаңалықтар
20.05.2022, 10:26
©Rail-news.kz
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде «Қауіпсіздік – кәсібилікте» ұраны аясында қызықты семинар өтті. Оның қызықтылығы – сайыс түрінде өтуі еді. Басты мақсат қозғалыс саласына жауапты теміржолшылардың кәсіби біліктілігін шыңдай отырып, еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік талаптарын күшейту арқылы теміржол мекемелерінде қауіпсіз орта қалыптастыру болды.

 Шараға желі бойындағы барлық мекемелерден жалпы саны 60-тан аса теміржолшы қатысты. Бөлімше басшысының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов сөз алып, бүгінгі таңда өзекті болып отырған қауіпсіздік пен еңбек қорғау тақырыбын қаузады. Кезек баяндамашыларға беріліп, Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Асхат Жармұхаметов «Техникалық инспекторлар қызметінің маңызы» тақырыбында, ал бөлімшенің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Бекзат Кәрімханов «Еңбекті қорғаудың позитивті мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. 

Десек те, шараның мән-маңызы «Қауіпсіздік – кәсібилікте» атты тақырыптағы сайысқа кезек берілген кезде арта түсті. Өзара біліктілікті сынға салу бәсекесіне Семей, Жаңа-Семей, ВЧДЭ-23 және ТЧЭ-24 мекемелерінің үш адамнан тұратын командалары қатысты. Әрбір команданың өзгелерден ерекшелендіретін бірегей түстегі киімдері мен бейдждері, т.б. нысандары болды. Баға беруші қазылар алқасы мұны да ескерді. Сонымен қатар, сайыс барысында тез, шапшаң ұтқыр жауаптары мен ойлау логикалары, өздерін ұстау мәдениеті де 1-ден 10-ға дейінгі балдық жүйемен қорытындыланып отырды. Сайыстағы ең қызықты сәт викториналық сұрақтар болды. Оған қатысушылар да, жауап берушілер де көп болды. Сол тәрізді өндірістік қауіпсіздік пен экология тақырыбындағы сауалдарға жедел әрі нақты жауап беру көзделетін «Кім жылдам?» сұрақ-жауабы да теміржолшылардың қарым-қабілетін жан-жақты аша түсті. 

Теміржолшылар қызметі қашан да қарбалас, шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін сәттер аз болмайды. Сайыстың үшінші кезеңі «Сауал қой!» деп аталып, теміржолшылар түрлі қатерлі жағдайда инструкция бойынша қалай әрекет ету керектігі жайында бір-біріне ситуациялық сұрақтар қойды. Мәселен, өндірістік жарақат алған адамға немесе жүрек талмасы ұстап, қан қысымы көтерілген жанға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетілуі керек деген сауалға жауаптар да әралуан және көп болды. Тосыннан қойылған маңызды сұрақтардың әсіресе жас буынға үйретері көп еді. Мәселен, «электр приборларындағы өртті құммен сөндіруге бола ма?» деген сауал қызу талқыланды. 

Сондай-ақ, семинарда өндірістік қауіпсіздік пен экологиялық талаптарды сақтау бойынша маңызды мағлұмат беретін арнайы бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

 Осылайша сайыс та мәресіне таяған болатын. Соңғы мотивациялық кезеңде ойын барысында ерекше белсенділік танытқан теміржолшылар кәсіподақ ұйымы тарапынан марапатталды. Бұл орайда Семей және Шар, Жаңа-Семей, ВЧДЭ-23, Жарма теміржолшылары үздіктер қатарынан табылды. 

– Мұндай семинарлар мен сайыс түріндегі дәрістерді біз жиі өткізіп тұрамыз. «Қайталау – білім анасы» демекші, кәсібилікті арттырып, қырағылықты ұштайтын, біліктілікті шыңдайтын шаралар әсіресе жас буын үшін ауадай қажет. Ал аға буын өкілдерінің тәжірибелерінен үйренеріміз аз емес. Бүгінгі сайыс соған дәлел, – деді шараны ұйымдастырушылардың бірі, бөлімшенің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Бекзат Нұрланұлы.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті