Семейде телефон терроризімі өзекті

Жаңалықтар
10.06.2022, 10:46
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы уақытта ел шығысында «телефон терроризмі» тым үдеп кетті. Бір аптада жалған қоңырау шалу жағдайлары жиі тіркелген.

Тосын оқиғалар әсіресе Семей мен Өскемен қалаларында көптеп орын алуда. Бұл жайт көліктегі тәртіп сақшыларын да алаңдатып отыр. Жуырда желілік полиция қызметкерлері Семейдегі Абай атындағы әуежайда арнайы жиын өткізіп, аталмыш тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Жиын барысында жалған қоңырау түскен сәттердегі жедел әрекет, соның ішінде теміржол, автобекет пен әуежайлардағы қызметкерлердің арнайы нұсқаулық аясындағы атқаруы тиіс іс-шаралары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, осындай фактілердің салдары да талқыланды.

– «Телефон терроризмі» еліміздегі қоғамдық қауіпсіздікке айтарлықтай зиян келтіретін, соңғы уақыттардағы ең көп таралған қылмыстың бірі болып отыр. Еріккендер көп жағдайда жолаушылар нөпірі мол нысандарды нысанаға алады екен. Алайда, оның экономикалық тұрғыдағы зияны аса орасан. Мәселен, орташа есеппен алғанда, ірі қалалардағы бір теміржол вокзалын эвакуациялау шығыны 1 млн теңгедан асады. Сол үшін қоғамдық жолаушы тасымалының қызметкерлері мұндай тосын жайттарға әрдайым даяр болуы қажет, – деді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Адамдар мұндай жалған хабарларды қандай да бір айқын мақсатсыз немесе спирттік ішімдіктің кесірінен және психологиялық көңіл күй әсерінен жасайды екен. Тіпті, бөтелкелестерімен бәстесіп, «жасырын бомба» қойылғандығы туралы хабарлағандар да тіркелген.

«Бүгінгі күні ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, осы санаттағы қылмыстарды ашуда біршама тәжірибе жинақтады. Негізінен мұндай қылмыстардың басым көпшілігі дерлік анықталады. Ондай құқықбұзушылыққа барған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – дейді Семей станциясының ЖІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Еркебұлан Құдайбергенов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті