Литва делегациясы еліміздегі құрлық портының жұмысымен танысты

Жаңалықтар
24.06.2022, 09:43
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанға Литва республикасының көлік және коммуникация министрі Мариус Скуодис бастаған шетелдік делегация келді. Олар қазақ-қытай шекарасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылым нысандарын аралады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Делегация құрамында Литва темір жолы, Клайпедск теңіз порты, Литваның Қазақстандағы елшілігі, Литва өнеркәсібі конфедерациясы, «LINAVA» автомобиль тасымалдаушылары ассоциациясы өкілдері болды. Экскурсия барысында қонақтарға «Нұр жолы» өткізу пункті мен Алтынкөл станциясындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портының инфрақұрылымдық және логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу соңында литвалықтар тарапы қазақстандық темір жол магистралі арқылы болашағы зор Балтық жағалауы бағдары бойынша «KTZE-Khorgos Gateway» құрлықтағы терминал мүмкіндіктерін қолдана отырып, трансқұрлықтық және контейнерлік тасымалды дамытуға мүдделілік танытты.

«KTZE-Khorgos Gateway» құрлық порты – Алтынкөл станциясындағы Қазақстанның ең қуатты терминалдарының бірі екенін ескере келе, тараптар қазақ-қытай шекарасы арқылы қатынайтын жүктерді сақтау, түсіріп-тиеу, өңдеу бойынша портта қызметтердің толық спектрі көрсетілетін артықшылықтарына жоғары баға берді. Мәселен, былтыр осы порт арқылы жиырмафунттық эквиваленттегі 274 мың контейнер өңделген, бұл 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 20 пайыз көп. 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты