Транзит тасымалын тұсаған тексеру

Жаңалықтар
24.02.2017, 12:18
Оқуға 3 мин
Өзбекстандық шекара әскерінің Қазақстаннан кірген әр пойызды Сарыағаш – Келес арасында 1 сағат 50 минут ұстап тексеруі, он бір жылдан бері бекет жұмысына, қала берді Шымкент бөлімшесінің жүк тасымалына үлкен кедергі келтіруде. Сондықтан, транзит тасымалын тұсап отырған шекаралық тексеру процедурасы жеңілдетілсе дейді сарыағаштық  теміржолшылар. Өзбекстандық ағайындар екі елдің шекарасы түйісетін Ақкөпірден тексеру қосынын ашып алған. Шекараға жете бере пойыздарды тоқтатып, сарбаздар күндіз де, түнде де вагонның асты мен үстін, машинист кабинасына дейін тексеріп, қыруар уақыт ұстайды. Жалпы, мемлекеттік кеденшілер мен өзге сала өкілдері тексеру өткізетін өзбектердің Келес бекеті осы жерден үш шақырым ғана. Теміржолшылардың айтуынша, он бір жыл бұрын сол Келесте-ақ, барлығы бірлесіп осы міндеттерді уақытылы атқарып жүріпті.  Ал енді мынау «Тыңнан енген төтенше тексеріс» біздің теміржолшылардың бір жұмысын екі етіп, жүйкелеріне тигелі он жылдан асты. Сарыағаш станциясы бастығының орынбасары Алдаберген Әбдіқасымның  айтуынша, темір жол басшылығы  бұл мәселеден хабардар, мәселені шешуге талай рет талпыныс жасалған. Бірақ, өкінішке орай  көрші ел темір жолы басшыларының өз шекарашыларына «сөздері өтпей» отырған көрінеді. Сондықтан, соңғы кезде сырт елдермен шекарасын ашып, алыс-берісін көбейткен көрші елмен бұл мәселе алдағы уақытта үкіметтік деңгейде оң шешімін табады деген үміт бар Ал Сарыағашта Өзбекстаннан келген барлық пойыз бекетке тоқтаған соң, шекарашылар мен кеденшілер айналасы 1 сағатта тексеріп шығады. Онсыз да пойыз кестесін есептеп отыратын теміржолшылардың жүйкесіне күш түсірмейді. –Өзбек шекарашылары жолды ұстап тұрғанда пойыздар айнала алмайды. Сондықтан, 24 сағат ішінде 18-19 пойыздан артық өткізуге мүмкіндік жоқ. Сарыағаш басында түйіспе бекет ретінде салынбағандықтан, станция жолдары көп дегенде 20 пойыздың айналым жасауына арналған. Ал, екі жыл бұрын 7 жолы бар қосымша парк салу жобасы әлі қолға алынбады. Қыс айларында бес мың транзитті вагон, яғни 80-85 пойыз Арыс – Сарыағаш, Түркістан – Сарыағаш телімінде тұрды. Қараша, желтоқсаннан бері күніне 18-20 пойыздан жібергеннің өзінде 85 пойызды өткізу ақпанның ортасына дейін созылады. Қазір он жолдың сегізімен жұмыс атқарамыз. Яғни, өзбектерден келетін пойызға үш жол берсек, өзіміз бес жолмен пойыздарды ағытып, жөнелтеміз. Негізі тастанды пойыздардың ұзақ тұрып қалуы маусымдық астыққа да байланысты. Себебі, бидай күзде піседі әрі көмірге де сұраныс күзде артады. Осы себептен, қыркүйек-желтоқсан айларында өзгесін айтпағанда Орталық Азияға баратын көмір мен бидайдың өзі көбейіп, жолды жауып қалады. Мәселен, өткен жылы орта есеппен 14 пойыз қабылдап, 15 пойыз жібергенмен, астық пен көмір көп өтетін қараша, желтоқсанда екі бағытқа 17-19 шамасында пойыз алмасады. Кейде өзбектерден 15-17 қабылдап, 18-19 пойыз өткіземіз. Олар тез бұзылмайтындықтан, алдымен ұзаққа шыдас бермейтін жүктер кететіні белгілі. Сарыағашқа Түлкібас жақтан көбіне контейнерлі маршруттар келеді. Ал, өзбек еліне ағаш, көмір артқан құрамдар Түркістан бағытынан жетеді,– дейді Алдаберген Қасымбекұлы.  Көршімен тату тұрған жақсы-ақ. Дегенмен, станция басшысының айтуынша, олардың көмір тасыған вагондарды уақытында қайтармайтын да әдеті бар екен.  Біраз пайдаланып, яғни «жұмыс істетіп»  жіберетін сыңайлы. Соның кесірінен  Қазақстан жағында ашық  вагондар жетіспеушілігі орын алған көрінеді.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті