Семейде вокзалдағы қауіптің алдын алу мәселесі қаралды

Жаңалықтар
06.09.2022, 10:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Транзиттік жүк ағыны мол, жолаушылар нөпірі жыл он екі ай толастамайтын Семей вокзалында террорлық қауіптің алдын алу бағытындағы іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Шаһар қақпасы саналатын теміржол бекетіндегі күзет пен қадағалау өзіндік тәртіппен жүргізіледі. Онда қызмет атқаратын теміржолшылар теологиялық әрі заңдық тұрғыдағы білімдерін жетілдіріп отырады. Ол не үшін десек, мысалы, жүріс-тұрысы, сырт келбеті күмән тудыратын радикалды бағыттағы жат ағым өкілдерімен сөйлесу және кездейсоқ күдікті зат табылған жағдайда қалай әрекет ету керектігі әр вокзал қызметкері үшін маңызды.  

Жуырда осы тақырыпты өзек еткен кезекті дәріс өтті. Оған Семей өңірі бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығы секторының меңгерушісі Мақсат Өмірханов пен талдау және ақпараттандыру-түсіндіру бөлімінің маманы Жаслан Слямханов қатысып, теміржолшыларға көп мағлұмат берді. Арнайы дәріс барысында қатысушыларға деректі фильм көрсетіліп, деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірер залалы жайында әңгіме өрбіді.  

Вокзал қызметкерлері қоғамдық орындардағы заңсыз миссионерлік әрекет бойынша жауапкершілік және ғибадат рәсімдерін тек белгіленген жерлерде ғана орындау, т.б. мәселелер жөнінде сауалдар жолдап, пікірлерімен бөлісті.  

Сонымен қатар, Семей станциясы желілік полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Еркебұлан Құдайбергенов сөз алып, осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстармен таныстырды.

Жалпы, мұндай танымдық-тағылымдық мәні зор дәрістер бөлімше көлемінде, желі бойындағы мекемелерде жиі ұйымдастырылады. Оның өзі теміржолшылардың кәсіби біліктілігіне оң ықпал етері анық.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті