Семейде «Құрғақ порт» салынады

Жаңалықтар
04.10.2022, 11:28
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жұма күні Абай облысына ресми жұмыс сапарымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді. Жергілікті жұртшылықпен өткізілген жиын барысында ел Президенті теміржолшылар қауымы үшін де тың міндеттер жүктейтін, таяу болашақта атқарылуы тиіс бірқатар мәселелерді атап көрсетті.

Соның ішінде осыған дейін арнайы жоба ретінде қолға алынған Аягөз-Бақты-Шәуешек теміржол желісін салу мен облыс орталығы Семей қаласынан көлік-логистикалық орталық салу мәселесін баса айтып өтіп, ел Үкіметіне, аймақ басшылығына нақты тапсырмалар берді.

«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. Өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту қажет. Халықаралық маңызы бар күрежол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын», – деді көпшілік алдындағы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.  

Сөз орайында айта кету ләзім, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша облыс мәртебесін қайтадан иеленген аймақта логистика мәселелері күн тәртібіне қойылуда. Бұл ретте жергілікті теміржолшылар тарапынан мемлекеттік деңгейдегі жаңа жобаларды жүзеге асыру шаралары тың қарқынмен қолға алынып жатыр.  

– Семейден «құрғақ порт» салу мен Аягөз-Бақты теміржол телімін төсеу мәселесі жергілікті теміржолшылар үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Президент алдымызға тың міндеттемелер қойып отыр. Қайта жанданған аймақтағы көлік дәлізін дамыту – уақыт талабынан туындап отырған жайт, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандары.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті