Кәсіподақ жетекшісі сайланды

Жаңалықтар
02.12.2022, 10:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде филиал директоры Владимир Бабиченконың төрағалығымен кезекті кәсіподақ жиыны өтті. Онда осыған дейінгі атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, алдағы жоспарлар сөз болды.

Басқосуға салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов, жергілікті кәсіподақ белсенділері, кадр бөлімінің мамандары мен жастар ұйымының жетекшілері қатысты. Бөлімше басшысы Владимир Владимирович өз сөзінде басшылық тарапынан қажетті деңгейде қолдау көрсетілетінін жеткізіп, кәсіподақ жұмысына табыс тіледі.  

Жиында ұжымдық шарт аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар сарапқа салынып, кәсіподақ қызметіне баға берілді. Басты жаңалық, осы басқосу барысында НОД-5 Семей өңірі бойынша кәсіподақ жетекшісі сайланды. Бұрынғы ұйым төрағасы Асхат Жармұхамбетов өмірден өткелі бері бұл орын бос тұрған болатын. Ендігі аралықта бұл міндетті жергілікті теміржолшы, әйгілі династия өкілі Данагүл Өтеленова атқаратын болды.  

Данагүл Айтқалиқызы алғашқы еңбек жолын 1990 жылы Жаңа-Семей станциясында инженер болып бастапты. Кейіннен билет кассирі, Семей станциясында жүк қабылдап-тапсырушы болып еңбек еткен. Ал 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін тораптық станцияда аға жүк қабылдап-тапсырушы қызметін абыроймен атқарып келді. Теміржолшылар отбасында өскен аға буын өкілі ендігі аралықта жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының жұмысына жетекшілік етпек. Жергілікті теміржолшылар Данагүл Айтқалиқызының кандидатурасына бірауыздан қолдау білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды