Ақтөбеде қаламаңы пойызын іске қосу жобасы таныстырылды

Жаңалықтар
06.12.2022, 09:34
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде №41 разъезд бен Жіңішке станциясы аралығына қаламаңы пойызы қатынауы мүмкін. Жаңа жобамен URBATHON AKTOBE форумы аясында облыс әкімі таныстырды.  

«Ақтөбе-Экспресс» атауымен іске қосылатын жаңа пойыз қала іргесіндегі 41-ші разъезден Жіңішке станциясына дейінгі қалааралық қатынасты реттейді деп күтілуде. Облыс басшысы қаланың екі басын қосатын мұндай жобаның әлемдік тәжірибеде бар екенін түсіндірді. Әрине, жоба егжей-тегжейлі зерделеніп, кәсіби көзқарасты қажет ететінін айтты. Жобаның ұзындығы 18 шақырым, 11 аялдама, сонымен қатар 3 жаяу жүргіншілер көпірі болады. Осылайша, қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін орта есеппен 30 минутта жетуге болады. Бұл қала орталығын біріктіріп, қатынасты жеңілдетеді.  

«Біз айтып отырған жаңа жоба көп мүмкіндікке қол жеткізеді. Дегенмен үлкен жұмысты да қажет етеді. Қазір 18 шақырымдық жол қаланы екіге бөліп тұр. Теміржол айналасындағы 500 метр аумақтың бәрін жаңа жобада қарастыру керек. Қазіргі күні қалааралық теміржол қатынасы назар аударуды және жақсартуды қажет етіп тұр. Себебі көлік саясаты мен жол қауіпсіздігі бәрінен маңызды болып тұр», – деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.  

Өңір басшысының айтуынша, қазір ҚТЖ компаниясымен келісім бойынша жоба пысықталып, жан-жақты жетілдіру жұмыстары қолға алынған. Бүгінде өңірдегі теміржол қатынасы Ақтөбе қаласын екіге бөліп жатыр. Қала жылдан жылға өсіп, көлік санының өсуіне байланысты темір жол өткелдерінің бойында кептелістер де артып кеткен. Жаңа жоба Ақтөбедегі көлік ағынын жеңілдетеді деп күтілуде. Өңір басшысы теміржол учаскесінде қалалық экспресс қызметін ашу үшін темір жолдың мүмкіндіктерін пайдалану қажет деп санайды және ол қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға бағытталатын болады.  

Сондай-ақ ол жаңа жобадағы 18 шақырымдық жол бойында шағын және орта бизнесті дамытуға да мүмкіндік бар. Кәсіпорындар қазірдің өзінде өз жобаларын ұсына алады.  

Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта жоба мүмкіндіктерін дамыту үшін арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Қорытындысы зерделеніп, келесі жылы жобаны сызу, құрылыс жұмыстарына қатысты қаржы көлемі мәслихатқа ұсынылады.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға