Бельгиямен ынтымақтастықта ТХКБ дамыту мәселесі қаралды

Жаңалықтар
09.12.2022, 09:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Бельгия Корольдігі премьер-министрінің орынбасары, көлік министрі Джордж Гилькинемен кездесіп, алдағы жылға арналған жоспарларды, Транскаспий халықаралық көлік бағдары мен көлік қатынасын дамыту мәселелерін талқылады.  

Кездесуде жүк транзитінің перспективасы мен экономиканы қарбонсыздандыруға қатысты мәселелер де қарастырылды. Бұл ретте қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк ағындарын ұлғайту мен дамыту мақсатында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Румыния, Польша, сондай-ақ Қытайдың магистральдық инфрақұрылым иелері және көлік түрлерімен жүк тасымалын іске асыратын ұйымдарды біріктіретін «ТХКБ» Халықаралық қауымдастығы құрылғанын айта кету керек.  

«Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдары қазақстандық экспорт пен транзиттік жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыты саналады. Аталған бағытта транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемі 2021 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 81%-ға артып, 14,7 мың контейнерге жетіп отыр», – деді Қайырбек Өскенбаев.  

Жыл сайын қатысушы елдер ТХКБ дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырыстарында кемемен жүк тасымалдаудың алдағы жылға арналған қолайлы тарифтік мөлшерлемесін қарастырып, бекітіп отыратыны белгілі. Тариф мөлшерлемесін сақтау қауымдастыққа мүше барлық тасымалдаушы операторларға ортақ шарт.  

Министрдің айтуынша, ТХКБ-ның қарқынын арттыру үшін 2022-2027 жылдарға арналған «тар» орындарды біртіндеп жою мен аталған халықаралық маршрутты дамыту жөнінде Жол картасы әзірленді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай осы дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тонна жүкке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп болжануда.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті