Екібастұздағы ТЖ кезінде көрсеткен көмегі үшін теміржолшылар ынталандырылды

Жаңалықтар / Әлеумет
12.12.2022, 09:14
Оқуға 2 мин

Екібастұз қаласында орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының барлық қызметкерлері және басқа өңірлерден көмекке жіберілген және жылу желілеріндегі апатты жоюға белсенді қатысқан компанияның еншілес ұйымдар қызметкерлері ынталандырылды.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сыйақысымен 2600 жуық қызметкер қамтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол магистралінің қызметкерлерімен өте қиын жағдайда жылумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.  Теміржол саласындағы 37 нысанның 14-і шұғыл жөндеуді қажет етті. Темір жол нысандарындағы қалпына келтіру жұмыстарын ҚТЖ бас инженері Батыр Котырев қадағалап тексеріп отырды. ҚТЖ мамандарынан құралған  12 апаттық бригада - еліміздің әр өңірінен келген слесарлар мен дәнекерлеушілер апат салдарын жою үшін Екібастұз қаласына жіберілді. Олар қала тұрғындарына пәтерлерінде, сондай-ақ әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарында жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге көмек көрсетеді. Бригадалар қажетті құрал-саймандармен және құралдармен жабдықталды және де екі ауысымда – күндіз-түні жұмыс істеді.

Теміржолшылар стратегиялық нысандарды жұмыс режимінде сақтай алды. Олардың ішінде локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті, жетекші доңғалақ жұптарының тайғанауын жою немесе азайту үшін локомотивке сапарға қажетті құм дайындалатын, сақталатын және кептірілетін құм кептіргіш те бар. Олар өз күштерімен объектілердің ішкі жылыту жүйелерін қалпына келтірді.

Станция, депо, техкеңсе, билет кассалары бөлмелеріндегі температура 5-тен 12 градусқа дейін өзгеріп отырды, қызметкерлер сыртқы киіммен жұмыс істеуіне тура келді. Теміржолшылардың үйлері мен жұмыс орындарын жылыту үшін аймақ кәсіподағы жүздеген жылытқыштар сатып алды.

- Салалық кәсіподақ Арыс, Мақтаарал және Қостанайдағы оқиғалардан кейін зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесті. Бұл жолы біз шет қалмадық. Біз ең қажетті заттарды – жылытқыштар, ыстық тамақ сатып алдық және жеткіздік. Астана көшесіндегі орталықтан жылытусыз қалған жеке үйлерде тұратын теміржол кәсіпорындарының зейнеткерлері мен аз қамтылған жұмысшылары үшін біз көмір сатып алдық және жеткізіп бердік, - деп атап өтті Екібастұз жол қашықтығы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Орталық кеңес мүшесі Марат Сәдуақасов.

Екібастұз станциясындағы үйлерді жылумен жабдықтауды қалпына келтіру кезінде жақын жерде тұратын тұрғындарды, қалпына келтіру бригадаларының қызметкерлерін, теміржолшылар мен полицейлерді жылытуға төрт жылы вагон орнатылды.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚТЖ қызметкерлерінің пәтерлері мен үйлерінде жылыту жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды, қалғандары жақын арада қалпына келтіріледі. Сондай-ақ ҚТЖ жұмысшылар бригадалары Екібастұздың тұрғын үй объектілерінде пәтер ішіндегі жылыту жүйелерін қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастыруда. НОД штабының жұмысы Екібастұз қаласының әкімдігімен және ЖЭО басшылығымен үйлестіре жүргізілуде.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды