Семейлік теміржолшылар жолда қалған автобус жолаушыларына көмек көрсетті

Жаңалықтар
10.01.2023, 09:42
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы ақ түтек боран мен қалың қар толастар емес. Бұл әсіресе жол қатынасына ауырлық әкелуде. Жуырда семейлік теміржолшылар жолда қалған автобус жолаушыларына көмек көрсетті.

Апта соңында аймақтағы ауа райының қолайсыздығына байланысты 45 жолаушысы бар «Новосібір – Өскемен» бағытындағы халықаралық автобус Өскемен-Семей тас жолы жабық болғандықтан, айналма жол арқылы жүрген. Алайда Жарма ауданының орталығында жолдың жабық болуы себепті тоқтауға мәжбүр болды.  

Жолда қалған жолаушыларға жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімімен бірге теміржолшылар қауымы да көмекке келді. Жедел әрекет етудің нәтижесінде Ресейден келе жатқан жолаушылар іргелес орналасқан Жаңғызтөбе станциясына жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді.  

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылып, жолаушыларға теміржол арқылы жол жүру ұсынылған еді. Нәтижесінде Ресей Федерациясының азаматтары «рубль» ақшалай номиналдарын «теңгеге» ауыстырып, вокзалдан пойызға билет алып, сапарларын жалғастырды. Көршілес елдің жолаушыларына Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев бастаған жергілікті азаматтар ыстық ас беріп, сол күні теміржол вокзалынан 45 жолаушыны жолға шығарып салды.  

Қазіргі таңда Абай облысында жолаушы және жүк қатынасында тек теміржол тораптары ғана штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды