Теміржолшылар дүлей боран құрсауында қалған жолаушыларды пойыздарға отырғызды

Жаңалықтар
10.01.2023, 10:00
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басында Жуалы ауданының таулы аймақтарына қар қалың түсіп, бірнеше күн қатты дауыл соқты. Жолда қалған жолаушылар діттеген жеріне жету үшін жылдағыдай темір жолға жетіп алуға тырысты. Ал теміржолшылар бірі батысқа, бірі шығысқа жол тартқан жолаушыларды дүлей боранның құрсауынан шығарып, пойыздарға отырғызды.

Түркістан облысындағы таулы аймақта орналасқан Түлкібас станциясының ұжымы үшін бұл сын сағаттар еді. Станция бастығы Нематилла Тойшыбаевтың айтуынша, бұл – жыл сайын табиғаттың төтенше жағдайында қайталанатын құбылыс, сондықтан жергілікті теміржолшылар үшін бәрі алдын ала дайындалған, тек жедел іс-қимыл, әрекет қажет. Өткен бір аптада станцияға аялдаған 8 пойызға жан-жақтан жиналған 135 жолаушы отырғызылған.  

– Атап айтқанда, біздің станцияға 1,5 сағатқа кешігіп келген №86 пойызға 60 жолаушыны Таразға дейін отырғыздық. Ал оған дейін Атырау мен Алматы арасында қатынайтын пойызға – 40 адам, Шымкент – Алматы пойызына 30 жолаушыны жайғастырып, сапарын әрі қарай жалғастыруына көмектестік, – дейді Нематилла Ергашбекұлы.  

Айтуынша, жаңа жыл мерекесінен кейінгі жайсыз ауа райы салдарынан Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түлкібас ауданы шектесетін тұстағы таулы аймақтан өтетін автокөлік жолы жабылған. Мұндайда теміржолшылар қауымы табиғаттың тосын мінезінен туындайтын зардап-залалдың алдын алуға кіріседі. Түлкібас вокзалында жолда қалған жолаушылар үшін арнайы ыстық шәй ұйымдастырылып, өзге де қолайлы жағдайлар жасалуда. Бауыржан Рысқұлбекұлы, Тойлыбай Тұрсынәлиев, Жазира Жарылқапова, Әнипа Қалманова, Гүлжамал Қожабаева сынды станция қызметкерлері апта бойы осы істің басы-қасында жүр.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты