Семейде теміржол мекемелерінен ашық ауаға шығатын залалды заттар төмендеген

Жаңалықтар
24.01.2023, 11:33
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық іс-шаралар жүргізуге қомақты қаржы бөліп отыр.

Теміржол мекемелерінің өткен жыл бойынша ашық ауаға шығарған залалды заттары 48,545 тоннаны құраған. Бұл – бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым төмен көрсеткіш. Ал берілген лимит 57 т екендігін ескерсек, бұл бағытта аз жұмыс атқарылмағанын түсінуге болады.  

– Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың азаюына желі бойындағы көптеген станциялардағы жылыту пештерінің электрлі қазандықтарға ауыстырылуы себеп болып отыр. Әсіресе Шемонайха, Риддер станциясындағы ПТО және Шар станциясындағы ТД-17 пештерінің консервацияға алынуын айтуға болады, – дейді Семей бөлімшесінің эколог мамандары.  

Осыған дейін Жарма, Шөптіқақ, Жаңғызтөбе, Бұқтырма, Зыряновск, Серебрянка сынды шалғайдағы бірқатар станциялар электрлі жылытқышқа көшірілген-ді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ол станцияларда ауаға жіберілетін парниктік газ көлемі де айтарлықтай мөлшерде азайған.  

Сол тәрізді соңғы айларда өндіріс және тұтыну қалдықтары да біршама төмендеген. Мәселен, өткен жылы бөлімше көлемінде табиғатты қорғау бойынша 11 іс-шара жүргізілген болса, биылғы жылы олардың санын 15-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Бөлінген қаражат та қомақты.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті