Вокзалдағы сервисті көтеру мәселесі қаралды

Жаңалықтар
03.02.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігі арқылы қатынайтын жолаушыларға вокзалдарда қолайлы жағдай жасалып, құқықтары сақталуы қажет. Әсіресе қыс мезгілінде жолаушы халыққа барынша сапалы сервистік қызмет көрсетілуі тиіс.

Бұл жайында жуырда Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінде өткен дөңгелек үстел басында кеңінен сөз болды. Басқосуға Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Ерлан Битемиров, Семей теміржол вокзалының бастығы Есет Қажығұлов, ПЧ-40 жол дистанциясы бастығының орынбасары Р.Мусагитов және Семей қаласындағы Абай атындағы әуежай басшылығы қатысты.  

Дөңгелек үстел барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, қала тұрғындары мен қала қонақтарына, сырттан келетін жолаушыларға вокзалдар мен әуежайларда қолайлы жағдай жасау, әсіресе қыстың көзі қырауда ұдайы назарда болуы керектігі айтылды. Мысалы, теміржол вокзалы маңайында, перронда қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қыс бойы жүргізілуі керек. Ал қойылған талаптар орындалмаған жағдайда ҚР-ның ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, яғни қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапқа тартылатындығы туралы ескертілді.  

Қазақстан Республикасының халықтың денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 159-бабының 7-бөлігінде көрсетілгендей, темекі тартуға бөлінген арнайы орын тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық нормативтік құқықтық актілеріне сай жабдықталуы қажет. Десек те, бүгінде вокзалға келуші көпшілік шылым шегу үшін орналасқан арнайы орындарды елей бермейді. Тіпті кейде теміржолшылардың өзіне белгіленбеген жерде темекі тартқаны үшін желілік тәртіп сақшылары айыппұл салған жағдайлар болған. Бұл жайт та мекемелер басшылығы тарапынан ескерілуі қажет.  

Айта кетерлігі, Абай облысының орталығы мәртебесін алған Семей қаласына келетін жолаушылар саны жылдағыдан анағұрлым арта түскен. Бұл вокзал шаруашылығының жауапкершілігін арттыра түскен. Ендігі аралықта бөлімшеге қарасты барлық теміржол вокзалдарындағы құқықтық тәртіп пен санитарлық тазалық шараларын қадағалау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады. Осы орайда жиынға қатысушыларға тәртіп сақшылары тарапынан бірқатар маңызды ақпараттар беріліп, нұсқаулар айтылды.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды