Әсем десе, Әсем!

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Үш бағытта қызмет көрсететін Жаңа-Семей жүк станциясына түсетін салмақ аса ауқымды. Жүк пойыздарын сұрыптау жұмыстары үзіліссіз жүргізілетіндіктен теміржолшылар үшін жауапкершілік те жоғары. Әйтсе де, ұжымда абыроймен еңбек етіп жүргендер қатарында қыз-келіншектер үлесі мол.

Солардың бірі – Жаңа-Семей станциясындағы тасымалданатын құжаттарды өңдеу жөніндегі оператор болып еңбек ететін жаңа толқын өкілі Әсем Қазезова. Оны әріптестері тек білімді маман ғана емес, топжарған спортшы, еріктілер ұйымының белсендісі және әсем де әдемі әйел заты ретінде таниды.  

– Темір жол ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып жатқан маңызды сала болғандықтан өз қызметімді абыроймен атқару негізгі парызым деп білемін. Қызығы мен шыжығы біте қайнасқан бұл мамандық темірдей тәртіпті талап ететіні айтпаса да түсінікті. Мәселен, жүк тасымалдауда нұсқаулықсыз әрекет етіп, бір ғана қателік жіберу арқылы ел экономикасына орасан зор шығын әкелуің мүмкін. Бағасы миллиардтармен есептелетін миллиондаған тонна жүкке жауапты болу оңай шаруа емес. Осы жерде тасымалданатын құжаттарды өңдеу жөніндегі оператордың нұсқаулығын басшылыққа алу, оның әр бөлімін жіті тану, керек десеңіз көбейту кестесі сияқты жаттап алу аса маңызды. Сол арқылы қауіпсіздікті нысанаға ала отырып, ұқыптылық, жауапкершілік, талаптылық, сабырлылық секілді қасиеттер арқылы кәсібилік пен шеберлікке жетуге болады, – дейді Әсем.  

Әсем Қанатқызының сан түрлі қыры барын айттық. Ол теміржол саласын дамытуға және тиімді жұмыс істеу мақсатында өткізілетін түрлі семинарлар мен жастар басқосуларының ұйымдастырушысы. Мәселен, Семей ЖТ бөлімшесінің Жастар ұйымы қолға алған қайырымдылық жәрмеңкесін ең алғаш жүзеге асырушылардың бірі Әсем екенін көпшілік біле бермейді. Бір бұл емес, «Ораторлық өнер», «Үздік білгір», «Проф сом» және т.б. кәсібилікті анықтайтын сайыстарда қатарының алды болып, жүлдегер атануы да Әсемнің әмбебаптығының айқын көрінісі.  

Түрлі жиындарда пікір білдіріп, жастар атынан ұсыныс-тілек айтып жүретін Әсем Қанатқызының отандық теміржол саласын дамыту бойынша да өзіндік ізденістері, түйген пайымы бар.  

– Кейде дамыған мемлекеттердің автоматтандырылған жабдықтарын көргенде, біз де осындай мүмкіндіктерге қол жеткізсек деген тілек пайда болады. Болашақта теміржолшыларды мобильді оқыту бойынша шет елдерге жіберуді ұсынғым келеді. Бұл жастар үшін мотивация болатыны айдан анық, – дейді Әсем.  

Десек те, бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк айналымы операцияларын жүргізу бойынша Жаңа-Семей станциясы көш басында келеді. Мұнда Данияр Сарқытбекұлы басшылық ететін берекелі ұжымда еңбек етіп жүрген 43 қыз-келіншектің үлесі мол екені даусыз.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар