Бүгінгі студент – ертеңгі маман
Жаңалықтар
07.04.2017, 12:07
Он сегіз мың шақырымнан асатын Қазақстан темір жолына қызмет көрсететін мамандар дайындайтын елдегі орта және жоғары оқу орындары. Біз Шымкент және Ақтау көлік колледждеріне хабарласып, қанша студент білім алуда, олардың жұмыспен қамтылуы деген сауалға жауап беруді сұраған едік.
Сондықтан, соңғы жылдары ҚТЖ мен оның филиалдарының оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуы құптарлық іс. Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, өндіріске сауатты маман дайындауға екі тарап та мүдделі.
Өткен оқу жылында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжін 217 түлек бітіріп, оның 56 пайызы еңбекпен қамтылыпты. Жас мамандарды негізінен «Тальго-Patentes», «Oilers» және «Шымкент локомотив сервис» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» вагон құрастыру зауыты қабылдаған.
Колледж директорының орынбасары Ерзат Өтебергеновтің айтуынша, мемлекеттік грант бағдарламаға сай конкурс арқылы беріледі. Колледж ұстаздары ол үшін тиісті құжаттарын жинап тапсырады.
– Жақсы оқитын студенттердің тізімін Ұлттық компания өкілдеріне жібереміз. Сол бойынша олар «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті атындағы стипендияны иемденеді. Одан бөлек, «Магистраль» бағдарламасы аясында ұлттық компания есебінен 4 студент тегін оқиды. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында теміржол саласына қатысты 12 мекемемен келісімшарт жасастық. Бұл меморандум 3-4 жыл сайын жаңартылады. Тек, соңғы уақытта теміржол мекемелеріне мораторий жарияланып, жұмысқа қабылдап жатқан жоқ, – дейді Ерзат Өтебергенов.
***
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ның тағы бір филиалы – Ақтау көлік колледжі теміржол, автомобиль көліктері мен коммуникациялар салалары бойынша білікті мамандар дайындайтын мамандандырылған оқу орны.
Бүгінгі таңда аймақтың көлік салалары үшін орта техникалық кәсіптік білімді көлік мамандарын дайындайтын Маңғыстау облысы бойынша бірден-бір мамандандырылған колледж саналатын білім ошағында 13 мамандық бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде маман дайындалады.
Колледждің күндізгі бөлімінде 880 студент, сырттай оқыту бөлімде 390 студент оқиды. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен күндізгі бөлімде 290, сырттай бөлімде 40 студент білім алады. Қазіргі таңда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығына жергілікті бюджеттен 25 студент оқытылып жатыр. Жыл сайын студенттердің 80 пайызы әр түрлі мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылуда.
Оқу орнында тікелей теміржол саласына қатысты орта буын мамандардан бөлек техник, электромеханик, техник-құрылысшы, техник-технолог, техник-механик, есепші-тексеруші мамандықтары да қарастырылған.
Динар МЕЙІРМАН Шымкент
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды