«Саламатты Қазақстан» пойызы 26 сәуірден бастап жолға шығады

Жаңалықтар
13.04.2023, 09:35
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

26 сәуірде Алматы-2 станциясынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығып, осы жылдың 6 желтоқсанына дейін қатынайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған пойыз медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамтиды. «Медициналық пойыздар» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Әлеуметтік жобалар қорымен» Корпоративтік қорымен ынтымақтастықта іске асырады.

Денсаулық пойыздары ең шалғайдағы станциялардың тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек беруді дәстүрге айналдырды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 150-ге жуық станцияның 80 649 тұрғыны емдеу-консультациялық қызмет алды, оның ішінде 21 867 бала. Бұл ретте 5 097 адамға шағын оталар жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, медициналық пойыз мамандары 59 балаға циркумцизио (сүндеттеу) жасады. Медициналық пойыздарда дәрігерлік қабылдаулар саны 389 388 жетті. Республика бойынша маршруттың жалпы ұзындығы 22 009 км құрады.

Биыл шалғайдағы станциялар тұрғындары қайтадан білікті мамандардан: терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқалардан тегін тексеруден және емдеуден өтуге мүмкіндік алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталады.

Медпойыздың қазіргі қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалды.

«Медициналық пойыздар» жобасы бірнеше рет әлеуметтік жауапкершілік конкурстарының жеңімпазы атанды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды