Ақтөбеде Еңбекті қорғау күніне орай қауіпсіздік семинары өтті

Жаңалықтар
28.04.2023, 11:26
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар дүниежүзілік еңбек қорғау күнін өндірістік қауіпсіздік жөніндегі семинар аясында атап өтті. Шараға Ақтөбе, Орал аймағынан теміржол мекемелерінің еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандары арнайы шақырылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалы бас инженерінің қатысуымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізілген шара әдеттегі қалыптасқан ресми форматтан тыс, командалық ойын түріндегі сұрақ-жауаптар аясында ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, өз қарым-қабілетін толық көрсетіп, семинарға белсенді түрде қатысуына ықпал етті.  

Семинар өндірісте қаза болған қызметкерлер құрметіне бір минут үнсіздік жариялап еске алудан басталды. Әрі қарай қатысушылар бес топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, өндірісте кездесетін оқыс жағдайды әрекет ету тәртібін көрсету, қауіпсіздік талаптары мен шарттары, оларды сақтау тәртібі бойынша теориядан практикаға дейін білімдерін көрсетті. Техникалық еңбек қорғау инженерлері ой пікірлерімен бөлісті.  

– Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – жыл сайын сәуірдің 28-де атап өтіледі. Теміржолшылар үшін еңбекті қорғау мәселесі үлкен маңызға ие. Сондықтан бұл күннің маңызы зор. Қауіпті жұмыста жүрген әрбір әріптесімізге көңіл бөлуіміз қажет. Өндірістегі оқыс оқиғаларды жоққа шығара алмаймыз. Өкінішке орай жыл сайын әлемде миллиондаған жан оқыс оқиғалар салдарынан көз жұмып немесе кәсіби аурауларға ұшырайды. Сондықтан біздің тарапымыздан техникалық сабақтарды күшейтіп, өндіріс барысында әр жұмысшы қырағылық танытып, еңбек қорғау қағидаларын, ережелерін қатаң сақтау керектігі жөнінде профилактикалық жұмыстарды ұдайы жүргізіп, бақытсыз жағдайдың барынша алдын алуға, мүлдем болдырмауға тырысуымыз керек, – деді бас инженер Жасұлан Рсқалиев.  

Семинар барысында ИСПБ платформасын мекеме басшыларының, еңбек қорғау жөніндегі инженерлердің қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында оқу пысықтау актілері берілген тапсырмаға сай толтырылды және оны ақырына дейін орындады. Өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің теориялық және практикалық бағыттағы баяндамаларының өзі семинар форматына орай жасалды.

Семинар соңында белсенді қатысушылар марапатталып, сертификаттар табысталды.  

 

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты