Студенттер ҚТЖ музейін аралап, викториналық ойынға қатысты

Жаңалықтар
02.05.2023, 12:15
Суреттерді түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкәсіпкөлік» ҚБ-ға қарасты ҚТЖ-ның Орталық музейі 1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай елордадағы колледж студенттерін шақырып, викториналық жарыс ұйымдастырды. Болашақ теміржолшылар жарыстан соң аталған музейді аралап, естелік сыйлықтарға ие болды.  

Музей менеджері Ақмарал Молдашева Астанадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 40-қа жуық студенттерін 5 топқа бөліп, 2 турдан тұратын жарыс өткізді. Бес топқа 5 мемлекет атауы беріліп, олар алдымен түрлі мемлекеттердің тарихына қатысты тест түріндегі сұрақтарға жауап берді. Екінші турда оларға басқа мемлекеттердің туларын пазлдар арқылы құрастыру тапсырмасы берілді. Нәтижесінде тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған Түркия мемлекеті командасы бірінші орын алды. Қалған орындарды Корея, Польша, Өзбекстан, Украина елдері командалары өзара бөлісті.  

– Студенттердің белсенділігі өте жоғары. Білім деңгейі де жаман емес. Достық мерекесі қарсаңында оларға өзге мемлекеттер туралы сұрақтар қойып, жарыстырдық. Мұндай кездесулер біздің музейде жиі өтіп тұрады. Іс-шараларымызға Кәсіподақ басшылығы үнемі қолдау білдіріп отырады, – дейді А. Молдашева.  

Жарысқа қатысушы студенттерге кәсіподақтың атынан түрлі сыйлықтар табыс етілді. Аталған колледж оқытушысы, студенттердің кураторы Шолпан Орынованың айтуынша, мұндай іс-шаралардың болашақта теміржолшы болып шығатын жастарға берері мол.  

«Бұл студенттер қазіргі таңда байланыс және белгі беру саласы бойынша білім алып жатыр. Оқу практикасы болған кезде осылай экскурсиялар ұйымдастырамыз. Соның аясында ҚТЖ бізге викторина өткізуді ұсынды. Жастар білімін сынап, әрі бір серпіліп қалды. Бізбен ынтымақтастықта жұмыс істейтін теміржол басшыларына алғысымыз шексіз», – дейді ол.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті