13 мамырда Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты транспортты шұғыл тоқтатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Rail-news.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пойыз 7 минут тұрып қалған. Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
Іздестіру барысында Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.