«Нұрлы жол» вокзал кешені ғимаратта түсірілген үздік фотоларға байқау жариялады.
Бұл байқауға кез келген қазақстандық қатыса алады. Басты шарты – фото аталған кешен ғимаратындағы арнайы стенд жанында түсіріліп, сол автордың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялануы тиіс. Байқау кезінде салған автордың желідегі аккаунты ашық болуы керек және ол суреттерді жариялағанда аталған вокзалдың парақшаларын белгілеп кету қажет. Байқау биыл 19 мамырға дейін жалғасады. Оның нәтижелері «Нұрлы жол» вокзалының Инстаграм желісіндегі ресми аккаунтында жарияланады. Байқау қорытындысында үш жеңімпаз анықталып, олар вокзалдың атынан брендтік сыйлықтарға ие болады.