Семейлік теміржолшылар жаңашыл тәсілдерді сынақтан өткізуде

Жаңалықтар
20.06.2023, 10:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жарияланған «Техникалық оқу жылы» аясында семейлік теміржолшылар кәсіби машықтарын дамытып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, қызмет барысындағы түрлі жағдаяттар бойынша дәріс сағаттарын өткізуде.

Бұл орайда әрбір тораптық станция қызметкерлерінің ұсынған әдістемелік жаңашыл тәсілдері де сынға түсуде. Жуырда Семей теміржолының 533,6 шақырымында орын тепкен, үш бағытта қызмет көрсететін екінші класты Локоть станциясында тәжірибелік көрсетілім жүзіндегі техникалық дәріс өткізілді. Бұл техникалық оқу-жаттығу шаралары өткен мамыр айының 5-і күні жарияланған «Техникалық дәрістер және тәжірибелік дағды деңгейін көтеру» атты үшайлық аясында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда өткізіліп жатқан пойыз және маневрлік жұмыстар өндірісі мен маршруттарды даярлаудағы баса назар аударылуы тиіс маңызды мәселелерді қамтитын айлықпен де орайластырылды. Яғни, осынау дәріс барысында негізінен пойыз қозғалысына жауапты мамандар машығын шыңдады.  

Техникалық сабақта СЦБ жұмысы бұзылған жағдайдағы ДСП іс-әрекеті тақырыбы кеңінен қозғалды. Аталмыш дәріс кезінде станция қызметкерлері пульт-табло көмегі арқылы стандартты емес жағдай туындаған шақтағы өз әрекеттерін көрсетіп берді. Сонымен қатар байланыс саласына жауапты мамандармен бірге рельс бойына шығып, өз міндеттерін нақты іс жүзінде түсіндірді.  

Аталмыш шара бөлімше басшысының бірінші орынбасары, қозғалыс саласының тәжірибелі маманы Қуаныш Әміреновтің тікелей жүргізуімен ұйымдастырылды. Сондықтан болар, жүк айналымы аса жоғары Локоть станциясының қызметкерлері біліктілік бойынша емтихан тапсырды десе де болғандай.  

Тоқтала кетер болсақ, Ресей жерінде орналасқанымен Қазақстанның теміржол станциясы саналатын Локоть станциясында биылғы жылы қозғалыс жиілігі біршама артқан. Оған негізінен Ресей мен Қытай арасындағы жүк тасымалының жоғарылауы да себеп болған. Сондықтан станция қызметкерлері үшін жауапкершілік те біршама еселене түсуде. Ал осынау техникалық дәріс барысында өздері үшін тың жаңалықтар ашқан қозғалыс саласының мамандары үйренген, көңілге тоқыған әдіс-тәсілдерді қызмет барысында мүдірмей қолдана алатындықтарына сенімді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды