Семейге жаңа тепловоздар келді

Жаңалықтар
24.07.2023, 14:48
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы уақыттарда Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша тепловоздар тапшылығы айқын байқалуда. Оған себеп, жазғы уақыттағы жүк тасымалының күрт артуы, өңірдегі орта және ірі кәсіпкерлік нысандарының жүк жөнелтуге тапсырыс берудегі белсенділігі болып отыр.

Жуырда Семей локомотив пайдалану депосына су жаңа отандық қос тепловоз келді.  Астанада құрастырылған ТЭЗЗА Evolution маркалы тепловоздарды жергілікті машинистер елордаға өздері барып қабылдап алған болатын. Бөлімшеге жеткізілген жүк тепловоздарын депо ұжымы  арнайы күтіп алып, бесінші буын су жаңа локомотивті тамашалады.

Бұл соңы емес, депо басшылығынынң айтуынша  таяу аралықта бөлімшеге Астанадағы зауыттан тағы да бірнеше  тепловоз жеткізілетін көрінеді.  Бүгінде оны алып келу үшін арнайы тепловоз бригадасы әзірленіп жатыр.  

Ал, жаңадан алынған темір тұлпарлар қазіргі күннен бастап бөлімшедегі транзиттік жүк тасымалы бойынша тапсырыстарды орындау үшін жолға шығарылды.  

ТЧЭ-24 – локомтив депосына жаңа тепловоздардың келуі жүк айналымын жүйелі жүргізуде септігі зор болары анық. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының дерегіне сүйенсек, соңғы бір аптаның ішінде аймақ бойынша 323 088 тонна жүк тасымалданыпты. Оның барлығы локомотив паркі бойынша үнемділік шараларын қатаң жүргізу нәтижесінде қол жеткізілген болатын. Демек, жаңа эволюшндердің жеткізілуімен алдағы уақыттарда бұл көрсеткіштердің де еселеп өсетіні анық.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті