Ақтөбе мен Орал аймақтары бойынша төрт адам «Құрметті теміржолшы» атанды (Фото)

Жаңалықтар
07.08.2023, 12:49
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» ұжымдары Көлік қызметкерлері күнін атап өтті. Биылғы жүк тасымалы қызметіндегі жоғары көрсеткіш аймақ теміржолшыларының мерекелік көңіл-күйін еселей түсті.

«Жеті айдың қорытындысымен біз қаржы құрайтын көрсеткішті 106 пайызға орындадық. Жүк айналымынан жоғары деңгейге жеттік. Бұл – аймақ теміржолшыларының еңбегі. Кәсіби мереке құтты болсын!» – деді «Батыс» филиалы директорының орынбасары Айбек Таласов.  

«Магистральдық желі бөлімшесі алға қойған міндеттер мен жүктемелерді толық орындады. Жол шаруашылығындағы күрделі жөндеу, белгі беру және байланыс, электрмен қамту саласында да жетістіктер жоғары деңгейде. Сіздерге алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін. Әрқашан абырой биігінен көріне берейік», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай.  

Жиын әрі қарай еңбек адамдарын марапаттауға ұласты. Ақтөбе, Орал аймақтары бойынша төрт адам «Құрметті теміржолшы» атанды. Олар – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Пойыздар қозғалысын басқару орталығының ауысым басшысы Қайрат Қалуов, Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары Алтынбек Дәулетияров, Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясының директоры Қазбай Қайжанов және Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ардагері Асқар Таймағамбетов.

Сонымен қатар Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі Бершүгір дистанциясының бастығы Еркін Жұбаназаров, Қандыағаш жол дистанциясының бригадирі Мирамбай Ермекбаев, Никельтау жол дистанциясының шебері Досбол Мүсірепов және Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Жәдігер Асабаев «Адал еңбегі үшін» медалін тақты. Ал Қандыағаш станциясының басшысы Асхат Мәжитов «Үздік басшы» атанды. Тағы 60-тан астам сала қызметкері алғыс хатқа ие болды. Шара соңы әзілкештер дайындаған көңілді кешке ұласты.    

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды