ҚТЖ-да «Тілі бірдің - тілегі бір» атты дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
15.09.2023, 10:46
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Тілі бірдің - тілегі бір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік тілді дамыту және қолданылу аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері, компанияның ардагерлері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.

Жиынның басты қонақтары – Қазақстанның мәдениет қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасының орынбасары Гүлнар Ходжабергенова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, аудармашы, этнограф Серік Ерғали болды. Сонымен қатар жиынға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бас менеджері Жайнагүл Мұқашева, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, теміржол ардагері Жұмагүл Әлжан қатысты. Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзін айтқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев компанияда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында арнайы сектор ашылғанын жеткізді.  

– Тіл – қоғамдық қатынастардың барлық саласымен, олардың өзгерістерімен тығыз байланыста дамитын құбылыс екені белгілі. Ал қоғамда тілге деген сұраныс болмаса, тілдің өркен жаймасы анық. Сондықтан ұлттық компанияда мемлекеттік тіл аясының кеңейту мақсатында осындай іс-шараларға елге сөзі жүретін тіл жанашырларын шақырып, ой-пікірлерін білсек деген ниеттеміз, – деді С. Кеулімжаев.  

ҚТЖ-да мұндай жиын көптен өтпегенін алға тартқан Оразкүл Асанғазықызы тіл туралы толғамды ойларын аудиторияда отырған әрбір жанның жетесіне жеткізіп айтты. Құр сөйлеп қана қоймай, ұлттық компанияда мемлекеттік тіл аясын кеңейту бойынша нақты тапсырмалар беріп, келесі жолы соны тексеру үшін міндетті түрде тағы келетінін жеткізді. Осы сектор жұмысын басқаратын Ербол Тоқтағазыға сектор емес департамент құруды ұсынды. Өзге де тіл жанашырлары ҚР Тіл туралы заңының баптарын алға тарта отырып, болашақта мемлекеттік тіл, әсіресе кеңсе, құжат тілінің қазақша болуы міндеттелетінін айтты.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті