Теміржолшының ұстанымы – темірдей тәртіп

Жаңалықтар
27.09.2023, 11:17
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астанадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушыларын оқытудың үшінші қорытынды модулі өтіп жатыр.

Оқыту «Кәсіби шамшырақ» Корпоративтік даму бағдарламасы аясында өтуде. Оқыту курсына қатысып жатқан мамандармен тілдесіп, бірінші рет қолға алынған бағдарлама жайлы сұрап білген едік.

Оқыту курсынан өтіп жатқан машинист-нұсқаушының бірі Павлодар локомотив депосының өкілі  Талғат Құсайынов. Ол 1990 жылдан бері теміржолда қызмет етіп келе жатыр, 2013 жылдан бері машинист-нұсқаушы. Талғат өзінің еңбек жолын машинисттің көмекшісі қызметінен бастаған екен.  

«Біздің басты міндетіміз машинистерді оқыту және барлық нұсқаулықты сақтауын қадағалау. Оған қоса қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы да қалыс қалмайды. Жұмысымыз оңай емес, қауіпсіздіктің сақталуы, қозғалыстың дұрыс болуы біздің үйреткенімізге байланысты. Тәулігіне 24 сағат кезекшілікпен локомотив депосында жүреміз және желі бойында жұмыс істейміз», – дейді ол.  

Талғат Құсайынов қазір  машинист-нұсқаушылардың жетекшісі, қол астында 12 нұсқаушы бар, олардың әрқайсысында колонна бойынша 40-50 адам бар екен. Ал, депода екі жүзге тарта локомотив бригадасы бар дейді ол.  

«Кәсіби шамшырақ» корпоративтік дамыту бағдарламасы биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл біліктілікті артыру оқуларынан өзгеше, бағыты да басқа. Негізінен бригадамен жұмыс істегенде өзіңді қалай ұстау керектігі, сабақты дұрыс оқытудың тәсілдері деген сияқты көптеген пайдалы мағлұматтар беріледі. Осы жерде алған білімді сабақ беру барысында пайдаланатын боламыз», – дейді ол.  

Оның айтуынаша, машинистер көбінде тиым салынған белгілерді ескере бермейді. Ал, оның арты үлкен қатерге әкелуі мүмкін.  

Т. Құсайынов сөз арасында бала кезден теміржолда жұмыс істеуді армандағанын айтып берді.

«Темір жолға деген қызығушылығым бала кезден оянды. Көрші жас жігіттер темір жолда істеді. Сол кезде олардың үстіндегі киім үлгісі мені қатты қызықтырды. Оның үстіне ел-жер көрем деген ой болды. Павлодардың пойызымен Мәскеуге дейін барам деп жүрдім. Содан осы мамандықты таңдап, оқуға бардым. Өз басым кешіккенді ұнатпаймын, сол себепті уақыт кестесі бойынша жұмыс істегенді жақсы көрем», – дейді машинист-нұсқаушы.  

Сонымен қатар ол қазіргі локомотивтерді басқару өте ыңғайлы әрі жүрісі жайлы екенін айтып берді.

«Біз алғаш тепловозды жүргізгенде пойызды қойып, үйімізде салқындатқыш болмайтын. Қазірге локомотивтерді салқындатқыш, желдеткіш бәрі қамтылған. Оның үстіне бәрі кнопкамен басқарылады. Бұрынғыдай тарсылдаған дыбыс, шаң, кір жоқ», – дейді ол.  

Оқыту курсына келген тағы бір машинист-нұсқаушы Нұрбек Жұмабаев «теміржолшы болу деген – темірдей тәртіп» дегенді білдіреді дейді. Ол Ақтөбе ПЧ-12, айналым депосы Шұбарқұдық ТД-3 депосында машинист-нұсқаушы. 2009 жылдан бері темір жол саласында машинистің көмекшісі, кейін машинист болып еңбек еткен Нұрбек 2021 жылдан бері машинист-нұсқаушы болып жұмыс істеуде.  

Оның теміржолды таңдауына теміржолшы болып жұмыс істейтін нағашылары әсер етіпті. Соларға қарап бала кезінен теміржолшы болуды армандаған.  

«Мені осындай оқуға жіберген жұмыс орныма алғысым шексіз. Өтіп жатқан оқыту бағдарламасында әріптестеріммен тәжірибе алмасып, көптеген пайдалы мағлұмат алдық. Оған қоса андрогогика бойынша ересек адамдарға сабақты қалай жүргіу керектігін үйрендік. Айта кету керек, қазір теміржолда жұмыс істеп жатқандардың көпшілігі ересек адамдар, сол себепті оларға мағлұматты қалай тиімді  жеткізу керектігін және ораторлық қабілеттерін арттыру мәселесін үйретеміз. Бір жағынан біз оларға үлгі бола білуіміз керек, менің жүріс-тұрысым, сөйлеу мәнеріме қарап машинистер мен олардың көмекшілері үлгі алады. Қазір қарамағымда 50 адам жұмыс атқарады», – дейді ол.  

Машинистердің тынымды жұмысының арқасында жолаушылар діттеген жеріне тәулік бойы еш алаңсыз, ұйықтап, демалып бара алады. Бұның артында мамандарды үлкен жауапкершілігі жатыр. Олардың біліктілігі мен шеберлігін арттыру бағытында ҚТЖ үлкен жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп жатыр.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады