Транскаспий дәлізімен тасымал көлемін 5 есеге ұлғайту көзделіп отыр

Жаңалықтар
27.09.2023, 12:25
Фото: Министрлік

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Бейжің қаласында өткен Жаһандық көлік форумында сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Көлік министрі М.Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Бейжің қаласында өткен Жаһандық көлік форумына қатысты. Министр өз сөзінде Қытайды Еуропамен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін одан әрі артырудың маңыздылығын атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде таяу жылдары Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдау көлемін 5 еседен астам ұлғайту жоспарланып отыр.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Марат Кәрімжанұлы елімізде көлік-логистика саласын, автомобиль жолдары мен авиацияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен бірге Сиань қаласында логистикалық орталық құрылысының іске қосылуы, «Бақты - Аягөз теміржол желісінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстардың басталуы да сөз болды.

Аталған форум шеңберінде Орталық Азия мен Қытай Халық Республикасы көлік министрлерінің алғашқы кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында еліміздің көлік саласына жетекшілік ететін Марат Қарабаев шетелдік әріптестеріне қолданыстағы көлік нысандарына жаңа серпін беру және жаңа жобалар есебінен қуаттылықты одан әрі кеңейту бойынша жоспарларын айтып берді. Сондай-ақ теміржол, логистика мен әуе терминалдарын кеңейту саласында және автомобиль жолдарының құрылысындағы өзара ынтымақтастықты көздейтін өзекті бағыттар ұсынылды.

Министрлер кездесуінің қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Қытай – Орталық Азия» көлік министрлері кездесуін ұйымдастыру тетіктерін ойластырып,  көлік саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Форум аясында ҚХР көлік министрі Ли Сяопэнмен екіжақты кездесу өткізіліп, көлік-логистика, автожол және авиация салаларының негізгі бағыттары бойынша нақты мәселелер талқыланды. Келіссөздер барысында екі тарап Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қою барысында айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті.

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды