Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады

Әлемде
19.10.2026, 08:58
Оқуға 1 мин
Сурет: РЖД

Ресейде push-pull, яғни «итеріп-тарту» жүйесімен жұмыс істейтін алғашқы қала маңы пойызы жыл соңына дейін жолаушылар тасымалына шығады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Санкт-Петербург қаласында Ресей темір жолдары (РЖД) мен «Трансмашхолдинг» компаниясы ДП2Д сериялы жаңа пойызды таныстырды.

Жаңа құрам ТЭП70БС тепловозы мен «Скворец» электр пойызының вагондарынан жасақталған. Оның басты ерекшелігі – қозғалыс бағытына қарай пойызды тепловоз кабинасынан да, құрамның бас жағындағы вагоннан да басқаруға болады.

Бұл технология бағыт ауыстырған кезде локомотивті қайта тіркеу және маневр жасау операцияларын азайтады. Соның нәтижесінде пойыз қозғалысын ұйымдастыру жеңілдеп, жолаушылардың жолға кететін уақыты қысқаруы мүмкін.

РЖД басшысының орынбасары Иван Колесниковтың айтуынша, ДП2Д пойызын жыл соңына дейін Санкт-Петербург – Ивангород бағытына шығару жоспарланып отыр.

Алты вагоннан тұратын құрамда алты жүзден астам отыратын орын бар. Оның ішінде қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған орындар да қарастырылған. Сонымен қатар пойыз климаттық бақылау жүйесімен, санитарлық тораппен, жүк сөрелерімен және мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған қосқыштармен жабдықталған.

Қазір Санкт-Петербург – Ивангород бағыты бойынша күн сайын үш вагоннан тұратын пойыздар қатынайды. Бұл бағытта жолаушылар ағыны да артып келеді. Жыл басынан бері аталған бағытта тоғыз мың жүз адам тасымалданған. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоғыз пайызға көп.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде