Жылыту пункттері – жолшылар игілігінде

Жаңалықтар
10.10.2023, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруда жол дистанцияларында еңбек ететін жолшылар еңбегі басым. Жыл он екі ай ауа-райының қолайсыздығына да қарамастан жол бойынан табылатын жолшылар үшін жол бойында жылыту пункттері орналастырылуда.  

Кішкентай ғана шағын бұл үйшіктер қыста аяздан, қар мен бораннан қорған болса,  жаздың аптап ыстығында көлеңкелейтін, ас-су ішіп, демалып жан шақыратын пана болмақ.    

Жалпы бөлімше бойынша Шорнақ пен Сексеуіл станциялары арасындағы жол бойына жол дистанциясының жұмысшылары үшін 66  жылыту пукті пайдалануға берілуі жоспарланған екен. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов жол дистанцияларына берілген осынау жылыту пункттерін орналастыру жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын білдірді.

– Түзде жүретін теміржолшыларға арналған жылыну  пукттерін орналастыру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Қызылорда жол дистанциясы телімдерінде жоспарланған 15 дана, Қазалы жол дистанциясы бөлінген 21 дана пункттің 14-і орналастырылып, пайдалануға берілді. Ал Сексеуіл жол дистанциясына бөлінген 30 жылыту пункті тасымалдануда, олар дистанция телімдеріне жеткізіліп берілген соң орналастырылатын болады,– деді магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов.

Қызылорда жол дистанциясының телімдерінің бірі  Қызылорда – Белкөл станциясы аралығында жұмыс жасайтын телім жолшыларымен жылыту пункттерінің бірінде жолықтық. Жолдың бабын жасайтын жолшылар үшін қойылған жылыту пункті қыста пешпен жылытылады, ішіне үстел мен орындық қойылған екен. Көлемі шағын болғанмен жолшылар үшін хан сарайындай көрінетін нысанның іші ұядай жинақы, әр зат өз орнында тұр. Қыста суықтан қорғанатын жылы орын болса,   жазда көлеңкелейтін пана болмақшы.  

Жылыту пунктінің жанына жолға күнделікті күтім жасауға арналған құрал-саймандарды сақтайтын құралхана да жасақталыпты. Яғни ендігі жерде жол күтімін жасайтын жолшылар жұмыс соңында құрал-саймандарын арқалап тасымай-ақ осы жерде сақтайтын болады.    

 

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда