Астана станциясына бес мобильді пункт сатып алынды

Жаңалықтар
10.10.2023, 09:22
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана станциясындағы жұмысшылардың еңбек және өндірістік тұрмыс жағдайын жақсарту үшін бес мобильді пункт сатып алынды. Пойыз құрастырушыларға арналған алғашқы мобильді үйшіктер сұрыптау паркіне  орнатылды.  

Мобильді ғимараттың орнатылуын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Марлен Көкірекбаев тексерді.  Жыл соңына дейін осындай тағы 4 үйшік пайдалануға  берілмек. Олар сонау 60-жылдары салынған стационарлық пункттердің орнын алмастырады. Заманауи модульдік ғимараттар пойыз құрастырушылардың жайлы жұмыс істеуі мен демалысы үшін қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Жылжымалы үйде жұмыс істеуге және тамақтануға арналған аумақтар белгіленген. Ғимараттың қабырғалары жылу сақтайтын материалдармен оқшауланған, қасбеті плиткамен қапталған, пластикалық терезелер орнатылған. Парктің дауыс зорайтқыш байланысы жүргізілген. Тұрмыстық техникалар: тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, кондиционер және қажетті жиһаздар бар. Бөлменің ауданы 14 шаршы метр. Үйлерді жинап алып тасымалдауға болады. Бұл арнайы рұқсатты немесе қандай да бір шарттарды орындауды қажет етпейді.

«Пойыздарды құрастырып, таратып түзде жүретін пойыз құрастырушылардың  жұмысы күрделі әрі жауапты. Өйткені кез келген ауа-райында, тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істейді, сондықтан олар үшін қолайлы жұмыс жағдайын жасау маңызды», – дейді станция бастығы Ерлан Рахымжанов.

Астана станциясында 60 пойыз құрастырушы бар. Олар 12 сағаттық ауысымда 9 маманнан жұмыс істейді. Күн сайын станцияда 30-ға дейін пойыз жасақталады, 160-қа дейін құрам қабылданап, жөнелтіледі және өткізіледі.

«Ақмола филиалында жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту, жарақаттануды болдырмау, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, арнайы киіммен және қауіпсіздік аяқ киімімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс орындарының санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша шаралар атқарылуда. Бұл шаралардың барлығы теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді бөлімнің бас инженері Сайран Баржақсин.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты