Digital Bridge – IT индустриясын талқылау алаңы

Жаңалықтар
12.10.2023, 15:24
Сурет: Ақорда
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгін Астанада дәстүрлі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы басталды. Соңғы бес жылда IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылайтын Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналған форумға 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компаниясының өкілдері және 30 елден келген делегация бар.  

Қазақстанның Еуразия кеңістігінде жетекші әрі маңызды цифрлық және қаржылық технология хабы екенін паш еткен форумға қызығушылық жоғары болды. Маңызды іс-шараның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. 

Президент жасанды интеллект адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандыратынын және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алатынын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанда білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құрыла бастағанын айта келе, Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болатынын жеткізді. Сондай-ақ цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалатыны сөз болып, инновациялық кәсіпкерлік және креативті индустрия дамытылып, жалпы, жаһандық технологиялық революция барлық елдің өркендеуіне, адамдардың дамыған және әділетті әлемде өмір сүруіне септігін тигізуі керек деген ой айтылды.

Форумға «ҚТЖ» ҰК» АҚ  өкілдері де қатысуда.  Бүгін «AI және логистика» панельдік сессиясы ұйымдастырылып,  оған ҚТЖ және PSA бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары Ержан Наурызбаев модераторлық етуде. Сессия отырысында ҚТЖ арқылы көлік-логистиканы дамыту саласында цифрлық ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері сөз болады деп күтілуде.  Толық ақпаратты газетіміздің келесі санында беретін боламыз.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті