Сиань теміржол колледжі Қазақстан азаматтарын да оқытқысы келеді (ФОТО)

Жаңалықтар
16.10.2023, 10:51
Фото: Хабар 24

Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық, деп хабарлады «Хабар 24».  

Озық экономика – озық маман. Қытайды алға оздырған осы ма дейсің?! Өйткені халықтың тұрмысы тәуір, көлік алу оңай болғанмен оны жүргізуге рұқсат алу оңай емес дейді.  

Бармақ басты, көз қысты өтпейді. Жолда кептелістің болмауы, көліктердің ырғақты қозғалысы соның арқасы, білем.

Сиань теміржол кәсіптік-техникалық колледжі Қазақстан азаматтарын да оқытқысы келеді. Қазір Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы ұлтық техникалық университетпен студент алмасу жайын талқылап жатыр. Яғни студенттер бұл жақта екі жыл, ол жақта екі жыл оқыса деген ниет бар.

Бұл оқу орны колледж деген аты болмаса 15 мың студент білім алатын іргелі орталық. Оқыту үдерісі дәл теміржол бойында жұмыс істеп жүргендей жағдайда өтеді. Электровоздарды, пойыздарды басқару кабиналары, жалпы теміржол бойындағы барлық керек-жарақ осында тұр. Толық станциялар жасақталған. Өзіндік теміржолы да бар. Метро мамандары да сол жерден шығады.

Ең бастысы заманауи тар табанды теміржолда жүру, пойыздарды соған сай икемдеу үдерістері де қамтылған.

"Бір белдеу – бір жол" жобасы бірнеше елді қамтитындықтан өзге елдердің, оның ішінде Қазақстанның болашақ теміржолшыларын бірге дайындаудың тиімділігі зор – дейді колледж мамандары.

Жалпы Қытай оқуға, әсіресе маман дайындауға ерекше көңіл бөлетіні байқалады. Бір ғана Бейжіңде 94 университет бар.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады