Digital Bridge форумында ҚТЖ-ның цифрлық мүмкіндіктері таныстырылды

Жаңалықтар
17.10.2023, 10:11
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптадағы маңызды іс-шара – халықаралық Digital Bridge форумына қатысқан теміржолшылар «AI және логистика» пленарлық сессиясында компанияның цифрлық мүмкіндіктерін көпшілікке паш етті. Атап айтқанда, пойыздар қозғалысын жоспарлауды автоматтандыру, кесте құру, магистраль желісі бойынша операцияларды оңтайландыру мәселелері қызу талқыланды.  

Жиынға модераторлық еткен ҚТЖ және PSA бірлескен кәсіпорыны бас директорының орынбасары Ержан Наурызбаев сессия тақырыбын түсіндіріп, өзге спикерлерге сөз берді. Huawei Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй, Global DTC Pte бас директоры Уи Тан Иеонг, Wabtec цифрлық корпорациясының вице-президенті Скотт Хорнинг, Abu Dhabi Ports Group директоры Мохаммед Аль Ага сынды көлік-логистикалық және цифрлық саланың әлемдік көшбасшылары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы директорының орынбасары Серік Төлебаев өз жобаларымен таныстырды. Спикерлер көлік саласы мен өндірісте жасанды интеллектіні енгізу тәуекелі мен мүмкіндіктері, деректер қауіпсіздігі бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Әсіресе бірлескен жобалар мен жұмыстарға баса көңіл бөлінді. Мәселен, ҚТЖ қазіргі таңда Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін енгізуде. Компанияда жүк тасымалы саласында операциялық қызметтерді жетілдіру мен тасымал процесінің тиімділігін арттыру үшін цифрландыру процесі енгізілуде. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС теміржол тасымалы тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтері паркін Wabtec «Рейс оңтайландырғышы» (Trip Optimizer) цифрлық жүйесімен жарақтандыруда. Бұл – динамикалық тежегіш және контроллерді автоматты түрде реттеу есебімен локомотивтерді машинистердің басқаруына көмектесетін интеллектуалды жүйе. Жүйе бағдар мен жүк деректерін талдай келе, нақты уақыт режимінде отын шығыны мен оңтайлы жүрдек режимді есептеп береді.  

– Біз ҚТЖ-мен тұрақты даму және экологиялық таза технологияларды дамыту саласында ынтымақтастық орнатудамыз. Бұл ретте цифрлық технологиялар көмегімен олардың операциялық тиімділігін арттыруды жалғастыра береміз, – деді Wabtec корпорациясының цифрландыру бойынша вице-президенті Скотт Хорнинг.

Отырыс барысында олар ҚТЖ арқылы көлік-логистканы дамыту саласында цифрлық ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.  

 – Біз көбіне порттармен және логистикалық мәселелермен айналысамыз. Цифрлық сауда шешімдерін, әлем бойынша дәліздерді құрамыз, барлық елдер мен құрлықтарды біріктіреміз. Ал Қазақстанға келсек, біз биыл тиісті министрліктермен келісім орнатып, соның аясында Қазақстанда энергетика, цифрлық шешімдер, порттар бойынша жұмыстарды көрдік. Мұнда болашақта ынтымақтаса жұмыс істейтін, жаңа жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктер өте көп, – деді Abu Dhabi Ports Group директоры Мохаммед Аль Ага.  

     «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы директорының орынбасары Серік Төлебаев ҚТЖ-да цифрландыру көптен бері жүргізілетінін және қазір жаңа бір деңгейге жеткенін жеткізді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті