Өрт сөндірушілер төтенше жағдайға дайындықтарын пысықтады

Жаңалықтар
20.10.2023, 10:10
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола облысының Ақкөл ауданы аумағында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша «Орман-дала 2023» республикалық ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

«Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің және әскерилендірілмеген өртке қарсы құрылымдардың өзара іс-қимылын пысықтау. Табиғи өрттерді жою кезіндегі практикалық іс-қимылдарды пысықтау» деген тақырыпта өткен іс-шараға теміржолшылар да атсалысты.  

Шартты сценарий бойынша ауыл маңындағы орманнан бірнеше жерде өрт тұтанып, бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдай департаменті мен өзге де тиісті құрылымдар, соның ішінде ҚТЖ өкілдері де хабардар етіліп, бәрі өртті ауыздықтауға жұмылдырылды.  

– Оқу-жаттығу шарасы аясында біздің өрт сөндіру пойыздарымыздың дайындығы сынға түсті. Өрт сөндіру автокөліктеріне су қажеттілігі туындағанда олар қосымша көмекке келуге әзір тұрды. Бізде облыстың төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен өзара іс-қимыл жоспары бар. Жалпы Ақмола жол бөлімшесіне қарасты 5 өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп тұр. Оларда 50 текше метр су сыятын 2 цистерна және 1 вагон сорғы бар, көбік шашатын құралдар да жеткілікті. Өрт сөндіру пойыздарымыз Астана, Бурабай курорты, Атбасар, Көкшетау, Жаңаесіл станцияларында орналасқан. Өрт шыға қалған жағдайда шұғыл көмекке әрқашан дайын, олардың жарамдылығы ауысым сайын тексеріліп отырады. Бізде жылдық, тоқсандық, жоспардан тыс оқу-жаттығулары да өткізіледі. Олардың тақырыптары әр түрлі, бірде локомотивтен шыққан өртті сөндірсек, екінші ретте теміржол бойында орналасқан әлеуметтік нысандарда тұтанған қызыл жалынды ауыздықтаймыз, – дейді Ақмола магистральдық желі дирекциясы Ақмола мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығының техникалық материалдық жабдықтау жөніндегі көмекшісі Айдын Байжокин.  

Елімізде бірнеше рет ірі орман өрттері болғанын ескерсек, бұл оқу-жаттығудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті.  

– Теміржол бойына жақын орналасқан Ақкөл ауылының маңындағы орманда тұтанған өрт теміржол қозғалысына да қауіп төндіреді. Оны ауыздықтау барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына көмекке келуге теміржолдың өрт сөндіру пойыздары дайын тұрды. Өрт сөндіру қызметіне қоса Ақкөл станциясы мен осындағы ШЧ, ПЧ, ЭЧ мекемелерінің жұмысшылары да өрт аумағына келіп, тілсіз жау ауыздықталған соң өз саласы бойынша қызметтерге қаншалықты залал келгенін анықтап, оларды жоюға кіріседі. Жалпы мұндай республикалық ауқымдағы оқу-жаттығу шараларының өртке қарсы қызметтердің кемшіліктерін түзеп, дайындықтарын шыңдауда берері көп. Ірі орман өртін жоюда ҚТЖ-да құрылған штабтың іс-қимылына да баға берілетін болады, – дейді ҚТЖ-ның Ақмола өртке қарсы қызметі бастығының міндетін атқарушы Жанат Әбуов.  

Оқу-жаттығу барысында Ақкөл станциясының бастығы Нұрбол Назаров та мұндай төтенше жағдай орын алғанда станция атынан қандай көмек көрсетілетінін жеткізді.  

– Мұндай кезде біздің басты міндетіміз – теміржол бойына өрт сөндіру пойызын дер кезінде қабылдап, оны іске қосу және жергілікті мамандармен бірге өрт сөндіруге жұмылу. Сонымен қатар өрт сөндіру мәселесі бойынша штабтық ұйымдарда тізе біріктіре жұмыс істеп, станциядағы құрылымдық бөлімшелерді әкімдік тарапы ұсынған өрт сөндіру жұмыстарына тартуға күш саламыз, – дейді станция бастығы.  

Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, ҚР экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шарбиев, Астана, Қарағанды қалалары мен Ақмола облысы ТЖ департаменттерінің қызметкерлері мен әкімдік өкілдері қатысты. Шартты орман өртін сөндіруге барлығы 250-ден астам адам, 100 техника мен 5 тікұшақ жұмылдырылды.  

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды