Еліміз үшін елеулі күн

Жаңалықтар
20.10.2023, 14:49

Қазан айының 25-інде Қазақстан халқы Республика күнін ұлттық мереке ретінде биыл екінші жыл тойлағалы отыр. Ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған аталмыш мейрам еліміздің тарихы үшін елеулі, маңызы зор күн.  

Республика күнінің тарихы тереңде жатыр.  Отыз үш жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Құжатта Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланып,  еліміздің аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті мен рәміздері бекітілді.

 Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлттық мереке әр қазанның 25-сі аталып өтілсе, 2009 жылы мереке қатарынан мүлдем алынып тасталды. Араға он жылдан астам уақыт салып, Республика күні еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен «ұлттық мереке» мәртебесіне ие болды.  

«Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам», – деп айтқан болатын өз сөзінде еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Бүгінде бұл мереке жұртымыздың рухын көтеріп, ынтымағымызды арттыратын айшықты күн. Ата-бабаларымыз ұзақ  жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке бүгінде біз қол жеткізіп отырмыз. Бостандық жолында қолға найза алып, тұлпар үстінен түспеген батырларымыз қиындыққа мойымай бұл күнді ғасырлап күтті.  Демек,  бүгінгі күн азаттық үшін күрескен бабалар арманы орындалды деген сөз.  Қанмен, термен келген еркіндікті сақтап қалу біздің ендігі міндетіміз екендігін естен шығармайық.

 

Ербол Құлбаев,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  

Құқықтық стастика және арнайы есепке алу жөніндегі  

Комитетінің Көліктегі департаментінің бастығы

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады